Ғ.Байтұқ: Ермегияевтің артынан компанияның пиаршыларын да отставкаға жіберу керек

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияевтің артынан осы жобаның пиарына жауаптыларды да отставкаға жіберу керек. Бұл туралы «Қазақстанның Блогерлер Альянсы» ҚБ президенті Ғалым Байтұқ айтты деп хабарлайды Информбюро.

Оның пікірінше6 жемқорлықпен қатар пиарының нашарлығы ЭКСПО туралы жағымды пікір емес, бүкілхалықтың «бас ауруына» айналуы мүмкін. «Топ-менеджментен бөлек, жобаның пиарға жауапты бөлігі де өзгереді деп сенеміз», -дейді Байтұқ.

Еске сала кетейік, 11 маусымда «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы орнынан алынып, артынша үйқамаққа алынған еді. Ол жемқорлыққа қатысы бар деп айыпталуда.

Дереккөзі: matritca.kz