Балаларға базарлық: қыркүйекте прокатқа шығатын 7 туынды

100
мультфильм
Фото: tweedandroidboxes.ca

Оқу жылы басталды, алайда бұл балалықтан арылу деген сөз емес. Адам қай жаста болмасын мультфильм десе алып-ұшып тұрады. Оның үстіне мультфильм тамашалау — отбасыңызбен уақыт өткізудің үлкен себебі. Сондықтан 7kun.kz қыркүйекте балаларыңызбен үлкен экраннан көруге болатын 7 туындыны назарыңызға ұсынады.

«Корольдік демалыс»

Мультфильм Ханзада есімді ит туралы. Ол миллионердің мұрагері. Ұлы мәртебелі Ханзада жайлы әрі сән-салтанатта өмір сүріп үйренген. Бірақ уақыт өте туыстарының әрекетінен бір күнде көшедегі қаңғыбас итке айналады. Ханзада бұрынғы өміріне оралуды қалайды. Ал ол үшін итке көптеген қиындықтар мен оқиғаларды бастан кешіруге, жаңа достар табуға тура келеді. Ханзаданың есінде осы демалысы мәңгілік сақталады.

Фото: youtube.com

Канада, АҚШ және Кайман аралдарының біріккен туындысы Қазақстанда 12 қыркүйектен бастап көрсетіледі. Мультфильмнің режиссері — Кевин Джонсон, 87 минутқа созылады.

«Птичий дозор» (Manou the Swift — Жылдам Ману)

Әлемдік премьерасы 24-ші қаңтарында өтіп кеткен мультфульм Қазақстанда 12 қыркүйектен көрсетіледі. Германияның мультөнімі режиссерлер Кристиан Хаас пен Андреа Блоктың еңбегі. Ұзақтығы 88 минут болатын мультфильм балаларға Ману есімді торғайдың оқиғасын баяндайды.

Фото: youtube.com

Манудың өмірі керемет деп айтуға келмейді. Ата-анасынан айырылған балапанды шағалалар асырап алады. Ману өзінің жаңа туыстарына ұқсауқа тырасы. Шағалар тобы оны жылы қабылдайды. Кішкентай торғай бар күшімен жүзуді, балық аулауды және шағалалар секілді ұшуды үйренуге тырысады. Алайда кезекті жазғы сайыс кезінде Ману өзінің ешқашан нағыз шағала бола алмайтынын түсінеді. Осыдан кейін торғай өзінің нағыз туыстарын іздеу үшін сапарға аттанады. Ману жаңа достарды кездестіреді, өз кезегінде ол бұрынғы отбасымен байланысының нашарлауына алып келеді. Күтпеген жағдай орын алмағанда, Ману мен шағалалардың арасы мүлдем үзелер ме еді, кім білсін? Кішкентайынан шағала сияқты батыл, торғай секілді тапқыр Ману келе жатқан қауіптен шағаларды да, торғайларды да қорғап қалады. Осылайшы, құс нағыз батырға айналады.

«Айдаһар мөрінің құпиясы»

Бұл — негізінде мультфильм емес, фильм. Алайда Ресей мен Қытайдың ортақ туындысы балаларға арналған.

Ағылшын саяхатшысы Джонатан Грин Петр Біріншіден Ресейдің Қиыр Шығысының картасын жасауға тапсырыс алады. Енді оны Қытайға алып баратын, адам сенгісіз оқиғаларға толы ұзақ жол күтуде. Картограф сапар кезінде күтпеген жаңалықтарға, жыртқыш жаратылыстарға, Қытай ханшайымдарына, жауынгерлік өнер шеберлеріне, тіпті барлық айдаһарлар патшасы Лун-Ванның өзімен кезігеді.

Фото: youtube.com

Олег Степченконың режиссерлігімен түсірілген фильмге Джейсон Флеминг, Арнольд Шварценеггер, Чарльз Дэнс, Джеки Чан, Яо Синтун түскен. 121 муниттық туындыны 19 қыркүйектен бастап көре аласыз.

«Жунглиден қашу»

Ежелгі үңгірге саяхат кезінде аюлар Бриар мен Брембл және олардың ағаш кесуші досы Вик кенеттен нағыз өткен тарихқа дейінгі кезеңгетап болады. Кері қайту үшін оларға көп жол жүруге, сан түрлі оқиғаларды бастан өткеруге тура келеді: үлкен жыртқыш құстармен, үлкен тасбақалармен, жунглидің белгісіз жыртқыштары және қауіпті тұрғындарымен кезігеді. Бірақ, саяхатшылар мойымайды, себебі, оларға маңыздысы достарына, өз әлеміне оралу болады.

Фото: vokrug.tv

Қытайлық режиссерлер Линь Хуэйда және Дин Лянның туындысының Қазақстандағы премьерасы 19 қыркүйекте өтеді. Комедия және фантастика жанрындағы мультфильмді балаңызбен бірге 88 минут тамашалайсыз.

«Элефант»

Жазушы Валентин Шубин ұзақ жылдар бойы жалғыз өмір сүріп келеді. Себебі, жазушы әйелімен ажырасқан және қызымен керісіп қалған. Жас кезінде ол Ресейде және бүкіл әлемде жарық көрген «Піл Мишка» туралы балалар кітаптарының сериясын жазды және кітаптар өте танымал болды. Бірақ қазір Шубин ұмытылғанын және оны ешкім мазаламағанын қалайды. Алайда, таңқаларлық оқиғалардың тізбегі оның жалғыздығын бұзып, жазушының жеке басына және шығармашылығына деген қызығушылықты арттырады. Үлкендер мен кішкентайлар оның жаңа кітаптарын асыға күтеді, бірақ Шубин ешнәрсе жазғысы келмейді.

Фото: kg-portal.ru

Ресейлік драма жанрдағы фильмнің режиссері — Алексей Красовский. Актерлер: Алексей Гуськов, Полина Агуреева, Евгения Дмитриева, Ян Цапник, Фредерик Бегбедер, Алиса Мынай.

19 сәуірде тұсауы кесілетін «Элефантттың» ұзақтығы — 77 минут.

«Ағайынды аюлар: Үш әлемнің құпиясы»

Көпшілікке таныс қытайлық мультфильм режиссерлер Линь Хуэйда, Дин Лян, Линь Юнчанның басшылығымен түсірілген. Қазақстанның үлкен экрандарынан 19 қыркүйектен бастап көрсетіледі.

Брамбл мен Бриард — көптеген жылдар бойы жақын дос болған көршілер. «Ағайынды аюлар: үш әлемнің құпиясы» мультфильмінің басты кейіпкерлері қызықты өмір сүріп, бір-бірімен өткізген әр күнін керемет өткізеді. Олар таңғажайып оқиғалар жиі болатын нағыз сиқырлы орманда тұрады. Бұл өлкелер әр түрлі дәмді жидектер мен саңырауқұлақтарға толы. Сондықтан, аюлар да өзге орман тұрғындары секілді өз мекендерін өте жақсы көреді.

Фото: kino.otzyv.ru

Сондай-ақ, ағайындылардың достары бар, олар — Надя және робот Коко. Надя — таңғажайып қыз, үнемі қызық оқиғаларға кезігеді. Коко болса, батыр әрі жаңа робот, ол да қызыққа толы өмірді ұнатады және достарынсыз өзін елестетеді алмайды. Бір күні олар сүйікті орманын және қасиетті Алтын мүйізді алқапты жоюды армандайтын арам пиғылды Вик есімді зұлымның пайда болғанын естиді. Егер оны ойы іске асса, әлемнен жарық кетіп, мәңгілік қараңғылық орнайтынын түсінген достар зұлымды тоқтатуға және аңдарға тыныш және қолайлы өмірді қайтаруға бекінеді.

Балаңыздың 1 сағат 30 минут уақыты қызықты оқиғаға толы болады.

«Кот под прикрытием» («Spycies» — Айқас)

Полицияның екі арнайы агентті аса құпия минералды ұрлау ісін шешуі керек. Өз кезегінде бірінші дәрежелі, бірақ қырсыұ мысық-тыңшы Владимир мен жаңадан келген Гектордың арасында мәселе пайда болады. Олардың әрқайсысы өзінің серіктесінен өзгеше, тек өз әдістерімен жұмыс істеуге үйренген. Екеуі бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Дегенмен олар тергеуді бірге жалғастырады. Тонаушылардың ізімен жүрген тыңшылар әлемдегі барлық жануарларды жойып жіберетін климаттық қауіп туралы біледі…

Фото: kg-portal.ru

Франция мен Қытайдың ортақ өнімінің премьерасы 26 қыркүйекте өтеді. Ұзақтығы — 1,5 сағат. Режиссері — Гийом Ивернель, Чжан Чжии.