Bank RBK акционері банк капиталын ұлғайтып, сауықтыру шарттарын орындады

акционері
Фото: Sputnik Казахстан

Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz — Bank RBK-тің акционері «КСС Финанс» ЖШС осы аптада банк капиталына 35 млрд теңге құйды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

«Осылайша банкті сауықтыру жоспары бойынша банк капиталын 160 млрд теңгеге жеткізу жоспары орындалды деуге болады. Осылайша, акционер банк, Қазақстан үкіметі, Ұлттық банк пен «Қазақмыс» компаниялар тобы арасындағы келісім бойынша өз міндеттемесін орындады», делінген хабарламада.

Айта кетейік, «КСС Финанс» ЖШС бизнесмен Владимир Кимге тиеселі. Сондай-ақ, банк 2018 жылдың 14 ақпанында Ұлттық банктен банктің қаржылық тұрақтылығын көтеру мақсатында 33,7 млрд теңге займ алды. Бұл бағдарлама аясында банкке берілген соманың жалпы көлемі 243,7 млрд теңге. Сауықтыру шаралары аясында 603 млрд теңгелік күмәнді активтерді қоса алғанда, сондай-ақ, капиталдандырудың соңғы траншгы мен ҰБ берген қарызды қосқанда банктің активтері 14 ақпандағы есеп бойынша 221 млрд теңгеге жетті. Банктің төлемпаздық қабілетінің коэффиценті 8 деңгейге көтерілді. Бұл ҰБ қойған талаптан 25 есе жоғары», делінген хабарламада.

«Банктің қаржылық тұрақтылығын қысқа мерзімде шешуге мүмкіндік болды. Енді банк дамуға бет алады», — дейді бұл туралы «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Торстен Пол.

Ол, сондай-ақ, банкке «Специальная финансовая компания DSFK (ДСФК)» ЖШС жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр дейді. Банк акционері Владимир Ким құрған бұл компания жыл басынан бері активтерді қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр.

2018 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Bank RBK активтері 483,2 млрд теңгені, клиенттердің қаражаты – 227, 2 млрд теңгені, жеке тұлғалардың салымдары -104,7 млрд теңгені құрады. Банктің жалғыз акционері миллиардер, «Қазақмыс Холдинг» ЖШС президенті Владимир Кимге тиеселі «КСС Финанс» ЖШС.

Айта кетейік, 2017 жылдың 10 қазанында қолма-қол ақша беруді тоқтатқан еді. Бір аптадан кейін банктің ағымдағы және депозиттік шоттардан қолма-қол ақша беруді шектегені белгілі болды. Ұлттық банк өз кезегінде банк акционерлерінен банкті қаржылық қолдау шараларын жүргізуді тапсырған еді. Артынша банк пен акционерлеріне шектеу мен мәжбүрлеу шарасын қолданды.

Бұдан кейін 7 қарашада RBK, ҚР үкіметі, Ұлттық банк, «Қазамыс корпорациясы» ЖШС арасында мәміле жасалып, банкті қаржылық тұрғыда сауықтыру шаралары бекітілді. Айта кетейік, Bank RBK 2017 жылдың соңындағы ақпарат бойынша 32 қазақстандық банк арасында актив көлемі жағынан 11 орынға тұрақтады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!