Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылдың 20 ақпанынан бастап Bank RBK-ның басқарма төрағасы болып Наталья Акентьева тағайындалады, деп хабарлайды LS.
Бұл шешім 2018 жылы 5 ақпанда Директорлар кеңесінің отырсында хабарланды. Банк басқармасының төрағасы ретінде Акентьеваның басты міндеті банктің алдағы бірнеше жылдағы дамуының жаңа стратегиясын жүзеге асыру болып саналады.
Өз кезегінде, қазіргі уақытта Bank RBK басшысы қызметінде отырған Марпу Жакубаева басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалады.
Сонымен қатар, Арман Тоқаров басқарма төрағасының орынбасары қызметіне белгіленді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!