Алматы. 12 қазан. 7kun.kz — Қазақстандық Bank RBK пен Qazaq Banki бірігу алдындағы ақылдасу және сараптау шараларынан кейін бірігу туралы келісімнен бас тартты, деп хабарлайды Bank RBK баспасөз қызметі.
«Қазіргі кезде екі банктің жеке қаржы институты ретінде даму мүмкіндігі жоғары»,-делінген баспасөз хабарламасында. Мұны Qazaq Banki-нің баспасөз қызметі де растап, «бірігу туралы келісім банк клиенттері мен серіктестерінің қызығушылықтарына қарай жасалған қадам еді», дейді.
Айта кетейік, биылғы жылдың мамыр айында қос банктің басшылары бірігу туралы мәмілеге қол қойған еді. Алайда бірігу мәселесі осы мәмілемен аяқталды. Бірігу процессі жүзеге аспады.
1 қазандағы жағдай бойынша Bank RBK акционерлері қатарында "Дирекция по управлению имуществом "Фонд-инвест" ЖШС- (19,04%), Фарид Люхудзяев (9,53%), Темір Жұмаев (9,25%), Дінмұхамед Ыдырысов (7,52%), "Нур-Экспорт НС" ЖШС (6,97%), Владимир Ким (6,75%), Уәлихан Нұрмұхамедов (6,74%), Бахаридин Аблазимов (5,5%), Игорь Мажинов (5,51%) бар. Ал Qazaq Banki құрылтайшылары: У.Нұрмұхамедов (8,12%) пен Д.Ыдырысов (8,19%).
Ұлттық банк мәліметтері бойынша Bank RBK 2017 жылдың бірінші жартысының қорытындысы бойынша 33 банктің ішінде 10, Qazaq Banki – 14 орынға тұрақтады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024