Банктер ауыл шаруашылығына кредит беруді тоқтатты

кредит
Фото: agroacadem.ru

Алматы. 5 сәуір. 7kun.kz – Мерзімі өтіп кеткен қарыздар көбейгендіктен банктер ауыл шаруашылығына кредит беруді тоқтатты. Екінші деңгейлі банктердің кредит портфелі екі айда 13 млрд теңгеге азайды (2%). Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

Екінші деңгелі банктердің (ЕДБ) қарыз портфелі 2017 жылдың қаңтар және ақпан айында 13 млрд теңгеге қысқарып 668,8 млрд теңгені көрсетті. 2017 жылы кредитті уақытында төлеу деңгейі 2016 жылмен салыстырғанда төмен. Өткен жылы бұл екі айда қарыз деңгейі 153,5 млрд теңгеге қысқарып 500,1 млрд теңгені құраған. Жалпы 2016 жылы ауыл шаруашылығына берілген кредиттер көлемі 681,8 млрд теңге болды. Ал жыл соңына аграрлық секторға бөлінген қарыз рекордтық көрсеткішке жетіп 739,2 млрд теңгені құрады. Саланы қаржыландыру қаупі жоғары болғандықтан, банктер кредит беруді тоқтатты.

Еске салсақ, 2016 жылы ЕДБ ауыл шаруашылығы саласындағы мерзімі өтіп кеткен қарыздар үлесі 4,9 пайыздан 12,7 пайызға дейін өсті. Ал 2017 жылы бұл көрсеткіш 14,3 пайызды көрсетті.