Батыс Қазақстан облысындағы газ құбырында болған өрт өшірілді

644
Батыс Қазақстан облысындағы газ құбырында болған өрт өшірілді

«ҚазТрансГаз» АҚ» Батыс Қазақстан облысындағы «Орынбор-Новопсков» магистральді газ құбырының 228 шақырымында болған болған өрттің жойылғандығын хабарлайды делінген  компанияның дүйсенбі күні таратқан баспасөз-баяндамасында.

Құрылғылардың жабық болуын байланысты газға түсірілетін қысым төмендеп, сол уақытта Тасқалы ауданындағы 8 елдімекен көгілдір отынсыз қалған.  Дәл қазіргі уақытта Зеленовск ауданындағы газ мәселесі толығымен қалпына келтірілді деп атап өтілген хабарламада.

«ҚазТрансГаз» АҚ»  басшылығы апаттың алдын-алуға байланысты шаралар қабылдады. Оқиға орнына өрт сөндіру және газқұтқару құрамалары шақырылды, Астанадан құрамында газ холдингінің басшылығы бар комиссия ұшып келді.

Құрбан болғандар  мен зардап шеккендер жоқ. Аймаққа қатысты экологиялық  қауіп байқалмайды.

«ҚазТрансГаз» АҚ ресми түрде  «Александров Гай» бағытына  және МГ «Союз» өндірісіне газ транзитінің экспорты төмендемегендігін хабарлады. Орал қаласындағы тұтынушылар үшін газ тасымады тұйықталған кесте бойынша жүргізілуде.  «Ростоши» ГРС  қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. «Переметное» ГРС  қысқа уақыт ішінде  қалпына келеді делінген хабарламада.