Талдықорғанда Бейсен Құранбекті еске алуға арналған республикалық турнир өтті
Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті, деп хабарлайды 7kun.kz тілшісі.
Турнирдің салтанатты ашылуына Бейсен Құранбектің жақын туыстары, Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли, "Жетісу" ТРК бас директоры Серік Әбікенұлы, MediaLab коммуникация агенттігінің директоры Ришат Асқарбекұлы, Талдықорған қалалық әкімдігі өкілдері қатысып, сөз сөйледі.
«Жетісу» телеарнасы мен «Жетісу» газеті, және Janr әдеби клубы ұйымдастырған турнирге Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Өскемен, Талдықорған қалаларынан келген 8 команда қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша төмендегі командалар жеңімпаз болды:
1 орын - "Экспресс-К" командасы
2-орын - "Қарекет" командасы
3-орын - "Хабар - Астана" командасы
4-орын - "Тараз-пресс" командасы
Сонымен қатар "Алматы" құрамасына Жұматай Жақыпбаев атындағы, "Шығыс Ақпарат" құрамасына Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы арнайы сыйлық тапсырылды.
Биылғы турнирге Жетісу облысының әкімдігі мен "Medialab" комуникация агенттігі және Көксу ауданының әкімдігі демеушілік жасады.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





