Бекболат Тілеухан: Айлығыма қосылған ақшаны тасқыннан зардап шеккендерге беремін
Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz - Коммунистер партиясы су басқан елді мекендердің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруге деп миллион теңге жіберді. Ал депутат Бекболат Тілеухан жалақысына қосылған ақшаны апат аймағына аударамын деп отыр. Бұл туралы informburo.kz хабарлады.
Бүгін белгілі болғандай «Ақ жол» фракциясы да апат аймағына ақша аударып қойыпты. Ал мәжіліс депутаттары бір күндік еңбекақысын аталған мақсатқа бере ме деген мәселе бүгінгі отырыстары басталғанға дейін басы ашық қалған еді. Өйткені оны халық қалаулылары әлі қарастырмапты. Бүгін отырыста өзара сыбырласса керек, бір күндік еңбекақыны аударуға келісетіндерін айтыпты.
"Соңғы кездері депутаттардың жалақысы өскені туралы мәселе қоғамда қатты қозғалып жатыр. Соның (өскен жалақының - ред.) айырмасын тасқыннан зардап шеккендерге көмек ретінде аударсам деп отырмын. Бірақ бұл туралы айтсаң, тағы дарақы болып көрінуің мүмкін. Десе де, өз басым солай шештім", - дейді Бекболат Тілеухан.
"Ақ жол" фракциясы да апат аймағына ақша аударып қойыпты. Ал мәжіліс депутаттары бір күндік еңбекақысын аталған мақсатқа бере ме деген мәселе басы ашық күйінде қалды. Өйткені оны халық қалаулылары әлі қарастырмапты. Бірақ қарастыра қалса, бір күндік еңбекақыны аударуға келісетіндерін айтты.
Еске салсақ, жақында депутаттардың жалақысы 900 мың теңге шамасында өсті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024