Беларусь цемент экспорттауды қалпына келтірді

Фото: stroitelstvo365.ru

Алматы. 6 тамыз. 7kun.kz – Беларусь Республикасы қайтадан цемент экспорттай бастады, деп хабарлайды БЕЛТА.

Сәулет және құрылыс министрі Анатолий Черный цементтің түгелдей сатып алынуына байланысты, мамыр-маусым айларында тауардың ішкі нарықта тапшы болғанын айтты. Импорттаушылар цементтің ішкі нарықтағы бағасын көтере бастағандықтан, бағасы өзгеріссіз қалған беларусь өніміне тұтынушылардың сұраныстары артқан. Беларусьтік кәсіпорындар ішкі нарықтың сұраныстарын қанағаттандыру үшін экспортқа шығарылатын цементтің көлемін 100 мың тоннаға дейін азайтуға мәжбүр болды.

«Қазіргі таңда экспортқа шығаруды қайта жандандырып жатырмыз, жағдай бірқалыпты, шу басылды», — деді министр.

Анатолий Черный беларусь кәсіпорындары ішкі нарықтың сұранысын екі есе деңгейде қанағаттандыруға шамалары жететінін жеткізді. Оның айтуынша, бірінші жартыжылдықтың нәтижесі бойынша, өнеркәсіптік өндіріс 5,8% өскен және жалпы өндіріс өнімін экспортқа шығару көлемі 60 % жеткен.