Белоруссия тауарларды бажсыз әкелу нормаларын төмендетуді қолдап отыр

505
Белоруссия тауарларды бажсыз әкелу нормаларын төмендетуді

Белоруссия Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу нормаларын төмендеуді қолдап отыр. Бұл туралы 2015-2016 жылдарға арналған одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясаттарының негізгі бағдарларының жобасымен таныс дереккөз хабарлады. 

Қазіргі уақытта кеден салықтарын төлеусіз азаматтар құны 10 мың еуроға дейінгі және салмағы 50 кг аспайтын жеке пайдалануға арналған тауарларды (этил спирті мен бөлінбейтін тауарларды ескермегенде) әкеле алады, бұл тауар ұшақпен тасымалданған жағдайдағы шектеулер.

Көліктің басқа құралдары қолданылған кезде салмақ нормасы сақталған жағдайда 1,5 мың еуро төленуі тиіс.

«Егер жоғарыда айтылған нормалардан асып түсетін болса, мұндай асып түсуге қатысты көрсетілген тауарлардың кедендік құнының 30%-ы мөлшеріндегі, бірақ 1 кг үшін 4 еуродан аспайтын кеден баждарының, салықтардың бірыңғай мөлшерлемесі қолданылады», — делінген РФ Федералдық кеден қызметінің сайтында.