Берлин банкоматтарында ақша бітіп қалды

492

Берлин банкоматтары ақша бермей жатыр. Оған себеп — автоматтарды ақшамен толтырып отыруы тиіс жергілікті инкассаторлық компания қызметкерлерінің ереуілге шығуы. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.

«Ереуілдің қашан бітетіні белгісіз. Бәлкім, бүгін-ақ, бәлкім, тағы төрт аптаға созылар. Бәрі компанияға байланысты», — дейді акцияны ұйымдастырған Ver.di кәсіподағының өкілі Андреас Шпланеман.

Оның сөзіне қарағанда, көптеген банкомат бос қалған, инкассаторлық компанияға көрсетіліп отырған қысым күн өткен сайын күшеюде.

Бұрын сирек болатын германиялық ереуілдер қазір Франция мен Италиядағы секілді қалыпты жағдайда айналып барады. ОСы аптада жұмысқа теміржол қызметкерлері жұмысқа шықпай, бүкіл ел бойынша көлік кептелістері пайда болды.