Бес жылдан кейін гамбургер мен кофені криптовалютамен сатып алуға болады

161
гамбургер
Фото: blokchain.ru

Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz — Венчурлық миллиардер және инвестор Тим Драпердің айтуынша, адамдар гамбургер мен кофені криптовалютамен төлейтін болады. 

«Бес жылдан кейін Starbucks немесе McDonald’s-қа барып, әдеттегі валютаға гамбургер немесе кофе сатып ала аласыз. Бізде шын мәнінде ғаламдық валютаға деген қажеттілік бар» — дейді Тим Драйпер.

2000-жылдары Skype және Baidu технологиялық компанияларына инвестиция салған Дрейпер биткоин үлкен табыс алып келеді деп есептейді.

Драйпер криптовалютаның көптеген «жетістіктер мен құлдырауларға» ұшырайтынын, бірақ ол әлемдік қаржы нарығын сөзсіз өзгертетініне сенімді.