Әлемдегі ең ірі 7 жүк көлігі

1917
Әлемдегі ең ірі 7 жүк көлігі............................................

Бұларды көшеден кездестіру қиын. Сондықтан, олар туралы ақпарат та аз. Бұлардың көпшілігі ірі өндіріс орындарына арналып шығарылған. 7kun.kz әлемдегі ең ірі жүк көліктерінің тізімін ұсынады.

Bucyrus MT6300AC

Әлемдегі ең ірі жүк көлігі. Ұзындығы 15,57 метр, ені 9,70 метр, биіктігі 13,51 . Қозғалтқыштың ат күші 3 750, жылдамдығы сағатына 64 шақырымм.

Bucyrus-MT6300AC

Caterpillar 797F

Caterpillar маркасының ішіндегі ең ірі автокөлік. Ат күші 4 000, жүк көтергіштігі 363 тонна, жылдамдығы 68 ш/сағ.

caterpillar_797f-1024x768

Liebherr T 282B

Германияда 2008 жылы сериялық өндіріске шығарылды. Әлемдегң ең ірі жүк көліктерінің бірі. 360 тонна жүк көтереді. Жылдамдығы сағатына 64 шақырым. Ұзындығы 14,5 метр, ені 6,6 метр, биіктігі 7,4 метр.

Liebherr-T-282B-1024x682

Komatsu 960E

Ұзындағы 15,6 м, ені 9,19 м, биіктігі 7,37 м.  327 тонна жүк көтереді, жылдамдығы 64 шақырым.

Komatsu-960E

Caterpillar 797B

Тау-кен өндірісі мен ауыр құрылыс заттары тасымалы үшін арнайы шығарылған Caterpillar-дың бұл көлігі 345 тонна жүк көтеріп, сағатына 67,7 шақырым жылдамдықпен жүреді.

Caterpillar-797b
Terex 33-19 Titan

1973 жылы бір ғана данада шығарылған. Жүк көліктерінің ішіндегі ең ұзыны. 320 тонна жүк көтеріп, сағатына 48 шақырым жылдамдықпен жүреді. 1973 -1998 жылдары аралығында өнеркәсіп саласы үшін пайдаланылған. Қазіргі кезде туристер үшін көрсететін жәдігер ретінде сақтаулы.

SparTitanFr

БЕЛАЗ-75603

Белоруссияның Жодино қаласында шығарылатын көлік ашық тау өндірісінде қолданылады. 360 тонна жүк көтереді. Ат күші 3 500. Жылдамдығы 64 ш/сағ. 29 мамыр күні БелАЗ-дың шыққанына 40 жыл толды.

belaz_75603