Билік қаңғыбас мысықтар мен иттерді аулау мен жоюға 1 млрд теңге жұмсады

қаңғыбас
Фото: hasshe.com

Алматы. 9 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылы Қазақстанда қаңғыбас мысықтар мен иттерді аулауға және жоюға 1 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

«Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою үшін 2018 жылы жергілікті бюджеттен 929 723 264 теңге бөлінді. 2018 жылдың басынан бастап 211 008 мысық пен ит жойылды», — деді Сағынтаев.

Сонымен қатар, 2018 жылы Қазақстанда құтырма ауруының алдын алу мақсатында, Министрлер кабинеті басшысының мәліметі бойынша, 980 590 ит пен мысық егілді.

Сондай-ақ, Сағынтаев өз жауабында тиісті нормалар жергілікті деңгейде әзірленіп, әрекет ететініне сүйене отырып, үй иттері мен мысықтарды ұстау және серуендету бойынша жалпы республикалық ережелердің қабылдануын орынсыз деп атады.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы 22 қарашада мәжілісмендер үйсіз мысықтар мен иттер мәселесін көтерді.