Валюта бағамыЖаңалықтарҚаржыТаңдаулы1

Бір аптада теңгенің нарықтық бағамы 2,4 пайызға әлсіреді

Алматы. 16 сәуір. 7kun.kz — 13 сәуірдегі сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 2,4%-ға (319,66-дан) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 327,29 теңге деңгейінде қалыптасты.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

  • Ресей рублі Ресейлік қор нарығының одан әрі құлдырауына әкелген АҚШ-тың санкциясына ұшыраған компаниялардың кейбір акцияларын инвесторлардың сатуы аясында 9,3%-ға (58,10-дан 636,49-ға дейін) әлсіреді. Сондай-ақ, валютаның әлсіреуіне АҚШ президенті Д.Трамптың Ресей президенті В.Путинді Сирия үкіметіне әскери қимылдар кезінде қолдау көрсеткені үшін айыптауы болды.
  • Бразилия реалы бір ай ішінде бөлшек сауданың 0,2%-ға кенеттен қысқаруымен және экономиканың өсуі жөнінде орталық банк жүргізген талдаушылардың болжамдарының нашарлауымен байланысты орталық банктің экономиканы монетарлық ынталандыру мерзімін ықтимал ұзарту аясында 1,5%-ға (3,37-ден 3,42-ге дейін) әлсіреді;
  • Түрік лирасы үкімет әскерінің (Сирия) террорлық ұйымдарға шабуыл жасау кезінде химиялық қаруды ықтимал қолдануымен байланысты Сириядағы шиеленістің экскалациясы аясында 1,2%-ға (3,37-ден 3,42-ге дейін) әлсіреді. Түркиянің премьер-министрі Бинали Йылдырыма мен Түркиянің орталық банкі төрағасы Мұрат Четинкаяның базалық мөлшерлемені ықтимал көтеруге қатысты көпшілікке жария етуі одан әрі әлсіреуді тоқтата тұрды.
  • Үндістан рупиясы 0,4%-ға (64,98-ден 65,22-ге дейін) әлсіреді.
  • Оңтүстік Африка рэнді 0,3%-ға (12,03-тен 12,07 -ге дейін) әлсіреді.
  • Индонезия рупиясы 0,2%-ға (13 778-ден 13 755–ке дейін) нығайды; 1,3%-ға (57,34-тен 58,10-ға дейін) әлсіреді;
  • Мексика песосы АҚШ президенті Д. Трамптың Еркін сауда-саттық туралы Солтүстік-Америка келісімі (НАФТА) бойынша келіссөздер аясында өзара келісімге таяуда қол жеткізуге қатысты түсініктемелерінің аясында 1,4%-ға (18,29-дан 18,04-ке дейін) нығайды.

 

Tags

Осы айдарда

Close