Бір аптада теңгенің нарықтағы бағамы 1,6%-ға нығайды

Фото: 7kun.kz

Алматы. 8 қаңтар. 7kun.kz –   Қазақстан Ұлттық Банкі жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша кезекті шолуды жариялады. 4  қаңтардағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық  бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 1,6%-ға нығайып  (384,2-ден), 378,12 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарықта 2018 жылғы 29 желтоқсаннан 2019 жылғы 4 қаңтар  аралығында  маңызды оқиғалар желтоқсанда Қытайда және АҚШ-тағы іскери белсенділіктің төмендеуі туралы статистиканы жария ету, ОПЕК мемлекеттерінің мұнай өндіруді қысқартуы туралы хабарлар, АҚШ-тың еңбек нарығының ахуалы туралы позитивті есеп берудің шығуы және Қытай ОБ-нің кредиттеуді ынталандыру мақсатында банктер үшін резервтеу нормаларын төмендету туралы шешімі болды. Сондай-ақ, АҚШ ФРЖ Төрағасы Джером Пауэллдің ақша –кредит саясатының бағамын анықтаудағы орамдылықты сақтау туралы түсініктемелері де маңызды оқиғалар қатарында. Бұл факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреуіне  әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

  • Бразилия реалы Жаир Болсонарудың Президент лауазымын атқаруға кірісуі, сондай-ақ Бразилияның экономика министрінің зейнетақыға шығыстарды қысқарту, мемлекеттік активтерді сату және салықтық жүйені жеңілдету бойынша ауқымды реформалар туралы уәде беруінің аясында 4,1%-ға (3,88-ден 3,72-ге дейін) нығайды.
  • Оңтүстік Африка рэнді нарықтардың қауіптенуін ескере отырып, АҚШ ФРЖ Төрағасының ақша –кредит саясатының бағамын анықтаудағы орамдылықты сақтау туралы мәлімдемесінен кейін инвесторлардың тәуекел активтеріне сұранысының өсуі аясында 3,3%-ға (14,43-тен 13,96-ға  дейін) нығайды;
  • Ресей рублі мұнайға  бағаның өсуі аясында 2,9%-ға (69,55-тен  67,54-ке дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы  ұлттық валюта үшін тәуекелдерді сақтауға байланысты (2018 жылы Индонезия Банкі базалық мөлшерлемені 6 есе көтерді)  ОБ-нің 2019 жылы негізгі мөлшерлемені көтеру циклін аяқтауға әзір еместігі туралы мәлімдеудің аясында  2,0%-ға (14 568-ден 14 270-ке дейін) нығайды;
  • Мексика песосы инвесторлардың тәуекел активтеріне сұранысының өсуі аясында 1,2%-ға  (19,66-дан 19,42-ге дейін) нығайды;
  • Үндістан рупиясы фермерлік шаруашылықтарды қолдау үшін мемлекет шығыстарын ықтимал ұлғайтуға байланысты фискалдық тапшылықтың таргеттелетін мәннен асып түсуі туралы нарықтың қауіптенуіне қарамастан 0,3%-ға (69,93-тен 69,73-ке дейін) біраз нығайды;
  • Түрік лирасы екінші ай қатарынан инфляцияның баялауы аясында 1,1%-ға (5,27-ден 5,33-ке дейін) нығайды, ол болашақта ОБ-нің негізгі мөлшерлемені төмендету туралы шешіміне әсер етуі мүмкін.