Бірінші кредиттік бюро Халық тобының бақылауына өтті

бірінші кредиттік бюро
Фото: forbes.kz

Алматы. 24 қазан. 7kun.kz — 23 қазанда «Қазкоммерцбанктің» басқарушы директоры Нұрлан Жагипаров «Бірінші кредиттік бюро» бақылаушы кеңесінің төрағасы болды, деп хабарлайды бюро.

«Бірінші кредиттік бюро сол күні барлық қатысушылардың жиналысында Руслан Омаровтың бас директор өкілеттігін ұзарту туралы келісімге келді. Бірінші кредиттік бюроға екінші деңгейлі банктерден қатысушылар «Халық банк» АҚ, «Қазком» АҚ, «Fortebank» АҚ, «ЦентрКредит банк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «АТФ банк» Ақ, «Астана-Финанс» АҚ, Creditinfo Group Руслан Омаровтың өкілеттігін ұзартуды бірауыздан қолдады», — делінген бюро жіберген хабарламада.

«Бірінші кредиттік бюроның» бақылаушы кеңесінің жаңа төрағасы Нұрлан Жагипаровтың сөзінше, «Бірінші кредиттік бюроның» қаржы нарығында әлеуеті жоғары. Бюро енді даму үшін технология, инновация және дерекпен жұмыс істейді.

Еске салсақ, «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС 13 жыл бұрын құрылған Қазақстандағы жалғыз коммерциялық несие бюросы. Бюроның құрылтайшылары қазақстандық және шетелдік қаржы ұйымдары.