Бирманың XVI-XIX ғғ. әлеуметтік-экономикалық дамуы (курстық жұмыс)

кітапхана

 

       Шығыс Азиядағы Бирма мемлекеті бүкіл адамзат  тарихында елеулі орын  алады.Себебі бұл мемлекет кезінде көптеген  қиыншылықтар кездесті. Алғашқы кезде мұнда көрші алып Қытай мемлекетімен талай жылдар бойы тәуелсіздік үшін күрес жүргізді. XVI ғасырда Португалдықтар кейін ғаламдықтар келк бастады.Португалдық Бриту XVII ғасырдың басында Сирианда мемлекет құрды. XVII ғасырдың I ширегінде Таунгу әкімі Анаупхелун бүкіл Бирманы қайта біріктірді де, Аваны астана жасады. XVII ғасырдың  40 жылдары Таунгу мемлекеті ыдырап, бірнеше феодалдық иеліктерге бөлінді. Мондар Пегу мемлекетін қалпына келтіріп, 1752 жылы Аваны жаулап алды да, Таунгу әулетін ⁿқұлатты.

       Бирма Мон күресіне Бирма жағалауын жаулап алуды көздеген ағылшындар мен Француздардың Ост – Үнді компаниялары қол сұқты. XVIII ғасырдың ортасынан бастап Бирмалықтар елді түгел біріктіріп, феодализмді дамыту жолына түсті. 1752 жылы конбаундар әулетін құрушы Бирманың ұсақ феодал Алаунпая монғолдарға қарсы Жоғарғы Бирмада көтеріліс жасады.

      Мінекей, Бирманың кішкене болсын тарихын келтіре тұра мен тақырыптың өзектілігін осыдан туу керек деймін. Басқаша айтқанда Бирма халқының тәуелсіздік үшін жүргізген ұлт азаттық күресі арқылы жалпы Азия халықтарының отаршылдыққа қарсы күресін көрсетуі болды.Сондай-ақ қазіргі Бирманың халықаралық қатынастарда алатын орны мен ролін анықтау.

  1. Бирма мемлекетінің қысқаша тарихы.

2.1.Табиғаты, халқы, орналасқан жері.

Бирма одағы (бирмаша Мьянма (Бама), Пьидаунзу мьянмайнган) — Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Бирма федеративтік республика. 1962 жылғы марттағы мемлекеттік төңкерістен кейін, 1947 жылғы конституция тоқтатылып, тұратын және жоғары заң шығару органы қызметін атқаратын  Рев.  советке  көшті.  Мемлекет басшысы — Революциялық советтің председателі, ол әрі Министрлік Советінің Председателі, қорғаныс министрі және Қарулы Күштер Бас штабының бастығы. Жоғары атқару өкіметінің құрамында Министрлік Советінің Председателімен министрлері бар Министрлік Советі жүзеге асырады. Ұлттық мемлекеттерде Революциялық совет тағайындаған мемлекеттік жоғарғы советтер құрылған. Жергілікті жерлердегі басқару органдары — әкімшілік пен қауіпсіздендіру комитеттері. Сот өкілдігін Бас сот атқарады.

Табиғаты. Бирманың жері негізінен таулы. Батысындағы Ракхайн тауының (биікт. 1500-3000 м) Паткай, Кумун жоталары (биікт. 5881 м-те дейін) елдің солтүстігін, Шан және Тенассерим (Танинтайи) таулы қыраттары шығысын алып жатыр. Орталық бөлігінде белесті Иравади жазығы бар. Климаты субэкваторлық, ыстық, ылғалды1. Ең ыстық кез — сәуір айының орта температурасы 30-32° С, ал январьда 15-25° С. Таудың теңіз жақ беткейінде түсетін жауын-шашын мөлшері 6000-6500 мм, жазық бөлігінде 500

 Ірі өзені Иравадидің (1440 км бойында кеме жүзеді) басты салалары: Чиндуин, Салуин, Ситаун. Таулы өңірі орманды, құнарсыз сары, құба, кейде қызыл топырақты, ал жазық жерлері сортаңды қызғылт және қоңыр топырақты келеді. Жерінің 60 % -і мәңгі жасыл, қарағайлы, қылқан жапырақты орман (таулы бөлігі мен теңіз жағалауында). Орманында сусар, виверра, даласында жабайы бұқа, керік, жолбарыс, қабылан, піл мекендейді. Құстар, бауырымен жорғалаушылар, қос мекенділер өтө көп.

Халқы. Бирмада 70-ке тарта халықтар мен тайпалар тұрады. Олар тіліне қарай тибет -Бирма (Бирмалықтар, карендер, кая, нага т. б.), тай (шандар т. б.) тіл топтарына, монкхмер (мондар, палаун, ва) тіл семьясына жатады. Халқының көбі Бирмалықтар (20 млн-ға жуық, Бирма халқының 73 %-і), олар елдің оңтүстік және орталық бөлігіне қоныстанған. Мемлекеттік тілі — Бирма тілі. Дінге сенушілердің көбі буддистер мен мұсылмандар. Халықтың орташа тығыздығы. 1 км2-те 41 адамнан, бірақ барлық жерде біркелкі орналаспаған. Иравади өзенінің бойында 1 км2 жерге 500 адамнан келсе, солтүстік таулы бөлігі мен Шан таулы қыратында 4-10 адамнан аспайды. Халқьның 20%-і қалада түрады. Үлкен қалалары: Рангун, Мандалай, Моламьяйн. Жыл санауы б.з. 638 жылынан басталады.

2.2.       Қысқаша тарихы.

Тарихы. Неолит дәуірінде Бирманы осы күнгі мондардың арғы тегі монкхмер тайпалары мекендеген. Сірә, б.з. Бирма 2-мың жылдықта Бирмаға солтүстіктен осы күнгі аракандықтар мен чиндердің арғы аталары – тибет-бирма тайпалары,  сонан  соң пьюлер  жылжи бастаса керек; Б.з. Бирма 2 және 1-мың  жылдықта тай халықтарының топтары келе бастаған, ал біздің заманымызда Бирмада шандар т.б. пайда болған. (Біздің заманымыздың басында рулық құрылыс ыдырап, Бирмада алгашқы мемлекеттер құрылды. Біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында Бирманың оңтүстік жағалауында мондардың өз алдына мемлекеті болған құл иеленуші  қалалары   дүниеге   келді2.   Араканда мемлекет құрылды. 4 ғасырдағы алғашқы деректерге қарағанда, пьюдің Шрик-шетр мемлекеті өмір  сүрді, гүлдену дәуірінде (7 ғ.) ол Солт. және Орт. Бирманы қамтиды. Халқы негізінен егіншілікті кәсіп  етті. Алғашқы мемлекеттердің діні  буддизм мен брахманизм болды. 832 ж. Наньчжао (Қытайдағы мемлекет)  әскерлері Шрикшетрді талқандады. 10-11 ғасырда Бирмадағы мон қалаларының бірлестігі — Раманадеса құрылды. 7-9 ғасырда қазіргі   Бирмалықтардың   арғы   атасы — мранмалар мен мьянмалар Солт.- Батыс және Оңт.Бат.  Қытайдан ауып келіп қоныстанды. 9 ғасырда олар Иравади өзені алқабындағы Чаусхе аймағына орнықты да, мондарды ығыстырып, пьюлерді өздеріне бағындырып алды3.

Бирма көсемдері  арасындағы бақастық күресте Анораттар (Анарудтар) жеңіске  жетіп (1044), Паган мемлекетін құрды. Бұл

Татон қалалар бірлестігін  талқандап   (1057),  Солт. Араканмен қоса бүкіл Бирманы жаулап алды да, 11-12 ғасырда Оңтүстік-Шығыс Азиядағы іргелі елге айналды. Осы тұста Бирмада  буддизм   біржолата   орнықты. Паган кейінгі ұрпағына архитектураның өшпес үлгісін қалдырды. Елде пал, мон, пью, кейіннен Бирма тілдерінде жазбалар тарады: әдебиет, сурет, мүсін өнері дүниеге келді. 13 ғасырда Паган  мемлекеті  ыдырай бастады, ақыры 1283 ж. монғолдардың соққысынан біржолата күйреді. Бирмада феодалдық бытыраңқылық басталды. Аракан қайтадан дербестік алды. Орталық және Солт. Бирманы шандар басып алды. 14 ғасырдың басында олар монғолдардың шабуылын тойтарып, бірнеше князьдықтар құрды (Ппнья, Ава, Сагайн т. Бирма) 1287 ж. мон мемлекеті — Пегу пайда болды. 14-15 ғасырда Ава мен Пегу Бирмадағы үстемдікке таласты. 16 ғасырда Таунгу князьдығының билеушілері Бирманы біріктірді. Билеуші Табиншветхи Пегу қаласын (1539) жаулап алып, Төменгі Бирмаға тугелдей үстемдік жүргізді. Оның мирасқоры Байиннаун Авуды алып (1555), Солт. Бирманы өзіне бағындырды, шан князьдыктарына бақылау орнатты, 16 ғасырдың аяғында бұл мемлекет әлсіреді.

III. Бирманың XVIXIX ғ.ғ. әлеуметтік экономикалық дамуы.

3.1. Бирма халқының отаршылдыққа қарсы күресі.

      16 ғасырда португалдықтар, кейін голландықтар мен ағылшындар келе бастады. Португалдық дя Бриту 17 ғасырдың басында Сириамда (Төменгі Бирма) мемлекет құрды. 17 ғасырдың 1-ширегінде Таунгу әкімі Анаупхелун бүкіл Бирманы қайта біріктірді де, Аваны (1635) астана жасады. 18 ғасырдың 40 жылдарында Таунгу мемлекеті ыдырап,  бірнеше феодалдық иеліктерге бөлінді. Мондар Пегу мемлекетін қалпына келтіріп, 1752 ж. Аваны жаулап алды да, Таунгу әулетін құлатты. Бирма — мон күресіне Бирма жағалауын жаулап алуды көздеген ағылшындар мен француздардың Ост-Үнді компаниялары қол сұқты. 18 ғасырдың ортасынан бастап Бирмалықтар елді түгел біріктіріп, феодализмді дамыту жолына түсті. 1752 ж. Конбаундар әулетін құрушы Бирмалық ұсақ феодал Алаунпая монғолдарға қарсы Жоғарғы Бирмада көтеріліс жасады. 1755 ж. ол Жоғарғы Бирманы біріктіріп, монғолдарға күйрете соққы берді, 1757 ж.Пегуді басып алды; Бирмада үстемдік жасау жолындағы Бирмалықтар мен монғолдардың ғасырлар бойғы күресі мондардың жеңілуімен тынды, Алаунпая шан князьдықтарына бақылау орнатты. Конбаундар   мемлекеті  Үндіқытай жарты аралығындағы ең күшті мемлекетке айналды. 18 ғасырдың 00 жылдарының  аяғында Қытай  шабуылына тойтарыс беріп, 1770 ж. бітім шартын жасасты4. 1784 ж. Аракан, 19 ғасырдың 1-ширегінде Манипур мен Ассам ба 19 ғасырда Бирманы ағылшын отаршылдары басып ала бастады. 1- (1824-26) және 2- (1852) ағылшын-Бирма соғыстарының салдарынан Бирма Британ Үндісінің шекарасындағы жаулап алған жерлерінен, Араканнан, Тенассеримнен, Пегуден айрытылды. Бұл аймақтарда 1862 ж. Британ Бирмасы деп аталатын ағылшын отары құрылды.

Миндон билік жүргізген (1853-78)  тұста Бирма реформа жолына түсті, біртұтас ақша салығы енгізілді, мемл.  мануфактура құрылысы басталды.Бір  жағынан феодалдық мемлекет нығайып,  екінші жағынан товарлы-ақша қатынасы дамыды. Реформа дәуірі Бирма  мәдениетінің гүлденген кезеңі болды. 1857 ж. негізі қаланған жаңа астана . Мандалай қаласы Бирмада буддизмнің, әдебиет пен өнердің орталығына айналды.

1885 ж. 14 ноябрьде Ұлыбритания  Бирмаға қарсы 3-отарлық соғыс ашты, 28 ноябрьде Мандалайды жаулап алды, бұрын Тибо баскарған Бирма жері  1886 ж. 1 январьда Британия қол астына өтті. Ұлыбританияның Бирманы түгел билеп-төстеуі елде партизан соғыстарын туғызды, бұларды отаршылдар бірнеше жыл өткеннеи кейін ғана  әрең басты. Отарлау кезеңінде Бирманың  әлеуметтік-экономик. дамуында капит.  қатынастар көрініс берді. Бирмада шетел  капиталы (ағылшын, үнді, қытай) ; шешуші  роль   атқарды;   феодалдық және патриархтық қатынастардың көптеген сарқыншақтары арылмаған  ұсақ товарлы уклад басым болды; ұлттық шет аймақтарда феодалдық және патриархалдық уклад сақталды. 19 және 20 ғасырда Бирма халқы отаршылдыққа қарсы күресті күшейте түсті. Алғашқыда ол отаршылдық үстемдік кезінде құлдырап кеткен Бирма мәдениетін көркейту түрінде болды. Ұлттық қозғалысқа 1914-18 жылғы 1-дүн. жүз. соғыс, Россиядағы Ұлы  Окт. соц. революциясы үлкен әсер етті. Саяси реформаларды жүзеге асыру жолындағы тұңғыш қозғалысқа жалпы Бирмалық алғашқы саяси ұйым — Бирма ассоциацияларының Бас советі (1920 ж. құрылып, 1930 жылға дейін жұмыс істеді) басшылык, өтті. 1918 жылдан жұмысшылар, әсіресе мұнайшылар ереуіл жасай бастады (1923 және 1926), 1930-32 ж. Бирмада шаруалардың отаршылдыққа қарсы ірі көтерілісі болды. 30 жылдардың 2-жартысында ұлт-азаттық қозғалысы өрістей түсті. Оны Добама асиайон атты патриоттық және рев. демокр. ұйым басқарды. 1939 ж. Вирма Коммунистік партиясы құрылды. Халық бұқарасының қысымымен 1935 ж. Бирма біраз жеңілдікке ие болды: конституция қабылдады, отарлық парламент құрылды, премьер-министр сайланды, алайда губернатордың төтенше өкілдігі бұрынғы күйінде сақталды. 1937 ж. Бирма Үндістаннан бөлініп, жеке отар болды.

2-дүн. жүз. соғыс кезінде (1939-45) Бирма ағылшын отары ретінде Ұлыбритания жағында соғысқа тартылды. Соғыс басталғаынан кейін Бирмадағы ұлттықалапатриоттық және рев. күштер арасында Жапонияны ағылшын империализміне қарсы күреске пайдалану идеясы кең тарады. Бұл оларды жапоп соғыс құмарларышен уақытша ынтымақ жасауға әкеліп тіреді. Бирманың тәуелсіздік армиясы құрылды. 1941 ж. декабрьде жапон әскерлері Бирмаға басып кіріп, 1942 жылғы майға салым оның негізгі аудандарын алды. Бирма әскери-отарлық фашистік тәртіптің құрсауында қалды. Бұл кезде елдегі патриоттық, рев. топтардың бәрі, оның ішінде коммунистер Халық бостандығының фашистерге қарсы лигасына (ХБФҢЛ, 1944 ж. құрылған) топтасты, оның басшысы Бирманың ұлттық батыры Аун Сан болды. Не Вин басқарған патриоттық армия 1945 ж. 27 мартта жалпы ұлттық көтерілістің негізгі күші болып, жапон басқыншыларың талқандауда шешуші роль атқарды. Бирма жапон басқыншыларынан босатылғаннан кейін, ХБФҢЛ бастаған азаттық күресі елге қайта оралған ағылшын империалистеріне қарсы бағытталды. 1945-47 ж. бұл күреске халықтың барлық тобы қатысты. 1946 ж. сентябрьде жалпы халықтық саяси ереуіл болды. Отаршылдық тәртіптің қайта орнамайтынына көзі жеткен ағылшын үкіметі 1947 ж. январьда Лондондағы келіс сөзде Бирмаға тәуелсіздік беруге, Құрылтай жиналысына арнап санлау өткізуге келісті. Сайлауда ХБФҢЛ депутаттары жеңіп шықты. Панлонда болған конференцияда (12 февр.) Бирма Одағып құру жөнінде шешім қабылданды. 1947 ж. 24 сентябрьде Құрылтай жиналысы Бирма Одағының конституциясын қабылдады. 1947 ж. 15 октябрьде Бирма Одағын тәуелсіз сувероиді мөмлекет деп таныған ағылшын-Бирма шартына қол қойылды. Бирма Британ империясынан шықты. Бирма Одағының мемл. тәуелсіздігі 1948 ж. 4 январада ресми түрде жарияланды.

Бирма тәуелсіздік алар қарсаңда солшыл күштердің бұрынғы біртұтас лагері бөлшектеніп әлсіреді. 1946 жылдың басында-ақ Бирма Коммунистік партиясы жікке бөлініп, оның мүшелерінің бір бөлігінен «Қызыл жалау» атты солшыл сектанттық ұйым құрылды. 1946 жылдың аяғында ХБФҚЛ мен Компартпия жікке бөлініп кетті. Аун Санды өлтіруді (19 июль, 1947) ұйымдастырған реакцияшыл топ солшыл күштерге қатты соққы берді. Елде ұлттық буржуазия басшылыңқа ие болды. Үкімет басына У Ну келді, Партиялық тұрғыдан қарағанда бұл ХБФҢЛ мен Соц. партияның үкіметі еді 1939 ж. құрылып, 1945 жылға дейін Халық рев. партиясы деп аталын келген).

      Ұлт-азаттық күштерінің өз ішіндегі 1946 жылғы ала ауыздық пен жікке бөліну 1948 жылғы өзара қарулы қақтығысқа әкеліп соқты. Компартия астыртын жұмысқа көшіп, ұлттық үкіметке қарсы қарулы курес бастады. Көтеріліске Бирма армиясы мен 1946 ж. Аун Сан құрған Халықтық ерікті ұйымның (ХЕҰ) кейбір бөлім-шелері қосылды. 1950 жылдардың басында үкімет әскерлері еріктілер бөлімшелерін ығыстырын тастады.

3.2. Бирма мемлмкетінің экономикалық дамуы.

Бирма БҰ-на (19 апр, 1948) ңабылданды, өзге елдермен (Совет Одағымен 18 февр., 1948) дипломатиялық қатынас орнатты, бейбіт, позитивті бейтараптылың саясат жургізді. Бирма үкіметі капит. елдермен, 1950 жылдардьң ортасынан бастап соц. елдермен қарым-қатынас орнатты. 1955 ж. бірқатар құрылыс орындарыя салу жөнінде совет — Бирма келісіміне қол койылды т. Бирма

Бирма Бандунг конферепциясын (1955) ұйымдастыру-шылардың әрі оған белсене қатысушылардың бірі болды.

1950 жылдардың басынан 1958 жылға дейін экономикасы да, саяси бапты да бір шамада болды. Бірақ бул ұзаққа бармады. «Пьидот программасының» (ел экономикасын қалпына келтіріп, дамытудың 8 жылдық программасы) негізгі экономикалық міндеттері орындалмады, аграрлық реформа іші-нара жүзеге асырылды, ел ішінде қарулы қақтығыстар болып шатты. Мұның бәрі жалпы ұлттық саяси дағдарысына әкеліп соқтырды. 1962 ж. 2 мартта Бирмада мемлекеттік төңкеріс болды. Үкімет басына Не Вин басқарған патриоттық және рев. бағыттағы армия офицерлерінен құрылған Рев. совет келді. 1962 ж. 30 апрельде Рев. совет «Бирманың социализмге барар жолы» атты саяси декларация жариялап, дамудың капит. жолынан бас тартты. Бирма тарихында антиимпериалистік, антифеодалдық және антикапиталистік сипат алған елеулі өзгерістердің жаңа кезеңі басталды. 1962 жылдың өзінде Рев. совет Бирмадағы империалистік насихат орталықтарының шеңберін тарылту жөнінде тиісті шаралар қолданды5. 1963-66 ж. мұнай өнеркәсібі, банкілер, сыртқы сауда, энергетика, байланыс түгелімен, өңдеу және кен өнеркәсібінің, құрылыс пен ішкі сауданың негізгі бөлігі мемлекет меншігіне алынды. 60 жылдардың 2-жартысында мемлекеттік сектордың жалпы өнімдегі үлес салмағы 50%-тен асты, ал өңдеу өнеркәсібінде 60%-ке жуық, саудада 70-80% болды. 1962-65 ж. помещиктер мен өсімқорларға қарсы бағытталған маңызды заңдар қабылданды, жоғары оқу орындарында (1964 жылдан) реформа жүргізіліп жатыр, тегін мед. қызмет көрсету тәртібі енгізілді. 1964 ж. 28 мартта Рев. совет «Ұлттық бірлікті қорғау туралы» заң қабылдады. Осыған сәйкес Бирма соц. программасы партиясынан (1962 ж. құрылған) басқа барлың саяси партиялар мен ұйымдар (кәсіподақтармен қоса) таратылды. 1966-67 ж. халықтық жұмысшы советтері мен халықтық шаруалар советтері құрыла бастады.

Сыртқы саясатта Рев. совет үкіметі бұрынғысынша бейбіт және позитивті бейтараптылық бағыт ұстады. Соц. және капит. елдермен тең праволы қарым-қатынасты нығайта түсті. 1960 жылдардың 2-жартысында бұрын жемісті түрде дамып келе жатқан бирма-қытай қатынасы нашарлап кетті Ұлттық топтасуды көздеген Рев. советі 1968 жылдыц декабрінде Бирма Одағының ішкі бірлігінің мәселелері жөнінде кеңесші орган құрды, оған әр түрлі бағыттағы саяси қайраткерлері (У Ну да бар) енгізілді.

Алайда оның мүшелерінің көзқарастарында алшақтық болғандықтан, бұл орган тиісті бір тоқтамға келе алмады. Бирмадан қашып кеткен (Тайландқа) ойшыл оппозицияның қайраткерлері (У Ну т. б.) Парламенттік демократия партиясы деп аталган саяси орталык, құрып, Рев. советтің тәртібіне іріткі салу үшін әрекет жасай бастады.

1969 ж. ноябрьде өткен 4 партиялык сөминарда өзге мәселелөрмен қатар Б-ның жаңа конституциясын жасау және елде кооперацияны кеңінен өрістету мәселесі қойылды. 1970 ж. 28 майда Рев. совет кооперациялык қоғамдар (барлығы 24 мыңнан астам, ол 10 млн-нан артық адамды қамтиды). Құру жөпінде заң қабылдады.

Саяси партиялары мен қоғамдык ұйымдары. Бирма социалистік программа партиясы (БСПП) 1962 ж. июльде қүрылды. Уставқа сәй-кес ол еңбекшілер партиясы болып табылады, әрі революцияның нағыз көсемі болуға тиіс. Қанаушы элементтер партияға алынбайды. 1125 мүше-сі, 300 ыың кандпдаты, 730 мыңнан астам тілеулестері (1970) бар. Астыр-тын партиялар мен ұйымдар блогы, біріккен ұлттық демократиялық майданы (БҰДМ) 1959 ж. құрылған. Ол Бирма Коммунистік партиясы (1939 ж. құрылған, 1948 жылдан астыртын жұмысқа көшкен) мен шағын ұлттардың кейбір ұйымдарын біріктірді. 60 жылдардын; аяғында БҰДМ жікке бөлініп кетті. Парламенттік демократия партиясы. 1969 ж. құрылған оңшыл оппозицияның эмиграциядағы басшысы — У Ну.

  1. IV. XX  ғасырдың 40 – 70 жж Бирма халқының әлеуметтік экономикалық дамуы.

4.1.  Бирма мемлекетінің экономикасы

Қоғамдық ұйымдар. Халықтық жұмысшы советтері, Халықтық шаруа советтері, Буддистік монахтардың бүкіл бирмалық ассоциациясы, Соғыс ардагерлерінің Бирма ассоциациясы, СССР-мен достық және мәдени байланыстық. Бирма ассоциациясы 1952 ж. құрылған.

Экономикасы. Бирма — аграрлық ел. Экономикасынын негізі — аң шаруашылығы. Аң шаруашылығы — елдегі халықтың 1/4 бөлігінің күн көріс көзі. Өнеркәсіп өндірісінде қол-өнершілік басты орын алады. Өнөркәсіп жабдықтары негізінен шеттен әкелінеді.

Тәуелсіздік алғарнан бері (1948) Бирма отаршылдықтың зардабын жою және шетел капиталына кіріптарлықтан құтылу жолында бірнеше әлеуметтік-экономик. жаңаруды бастан кешірді. Өнеркәсіпте, сыртқы саудада, финанс -кредит жүйесінде, байланыста мемл. сектор басым, ал жөке меншік пен ұсақ товарлы секторда а. ш-на шоғырлану етек алған. Қоғамдық жиынтық өнімнің жалпы құнының (1967/68 ж. 16,1млрд. джа) 20%-і а. ш-ның (балық аулауды қосқанда), 40% -і өнеркәсіптің (орман, энергети-а, құрылысты қосқанда) үлесіне тиеді6.Ауыл   шаруашылығы. 1968/69 ж. 8,7 млн. га жер жыртылды, оның ішінде суармалы жер — 0,8 млн. га. Егістіктің 60%-іне күріш, 15%-іне майлы (арахис, күнжіт) дақылдар, 8%-іне бұршақ, 5%-іне тары, бидай, жүгері, 3%-іне жеміс (цитрус, банан, манго, ананас), шай, қант құрағы, темекі, 2%-іне мақта егіледі. Кейбір даңылдардан жылына 2-3 рет өнім алынады. 1969 ж. мына мөлшерде өнім жиналды (мың т): күріш 7896, бидай 25,4, жүгері 60,8, арахис (аршылмаған) 392; күнжіт 82, мақта 32, қант ңұрағы 1287, темекі 56, шай 35,7, джут 21. Бирмадағы барлық күріш егісінің 80%-ке жуығы Төм. Бирмада, әсіресе, Иравади өзенінің аты-рауында, тары, жүгері, мақта — Орталық жазық бөлігінде, бидай, цитрус жемістері мен шай елдің шығысындағы Шан мемлекетінің жерінде егіледі.

1968-69 жылғы мал басы (млн.): ірі қара 7,2, енеке 1,5, шошқа 1,7; 10 млн-нан астам құс өсіріледі. Жылына 300-400 мың т-ға жуық балық ауланды.

Өнеркәсібі. Ағаш дайындау және оны өңдеу — Бирма енеркәсібінің басты саласының бірі. Ағаштың қатты түрлерін, әсіресе тик ағашын сату жөнінен Бирма — дүние жүзіндегі басты экспортерлердің бірі. Иравади өзенінің бас жағынан, Ракхапн жотасы мен Пегу тауынан, Шан қыратының бат. және оңт. бөктерінен жылына 1,4 млн. м3 ағаш (оның 0,3 млн. м2 тик) дайындалады. Ағаш өңдеу кәсіпорындары Рангун, Ситуэ порттары мен ағаш ағызатын Иравади, Ситаун өзендерінің бойындағы қалаларда шоғырланған. Елдегі жалғыз целлюлоза — қағаз фабрикасы Сва қаласында. Бирмада 1968/69 ж. 724 мың т мұнай, 290 т (таза металл) қалайы, 108 т вольфраы, 9 ыың т (концентраттағы металл) мырыш өн-дірілді. Иравади өзенінің төменгі (Мьянаун, Пьи, Шуэпьит) жәнө орта жағынан (Чау, Енанджаун, Ланьюа т. б.) мұнай кендері ашылған. Мұнай айыратын кәсіпорындар Танхльин, Чау қалаларында. Елдің шығысындағы Бодуин руднигінде өндірілетін қорғасын, мырыш, күміс онымен кершілес Намту қаласында балқытылады. Оңтүстіктегі Малакка түбегінеп өндірілгөн қалайы мен вольфрам Тавой қаласында қорытылады. Күріш тазалайтын, өсімдік майын, қант, темекі, шай өндіретін, балық өңдейтін, мата тоқитын кәсіпорындар бар. Болат-прокат заводы, автомобиль және трактор құрастыратын заводтар, кеме верфі, фармацевтика фабрикасы т. б. кәсіпорындар бар.

Транспорты. Темір жолының ұз. 4070 км (1969), су жолы 8 мың км-ден астам, автомоб. жолдары 25,6 мың км. Автопаркінде 52,6 мыңға жуық автомоб. бар. Басты порттары: Рангун (елдің сыртқы сауда айналымының 85%-тен астамы өтеді), Бассейн, Моламьяйн, Ситуә. Мингаладон астаналық аэропорты — халықтар. әуе жолыңың ең үлкен торабы.

Сыртқы әкономикалық байланыстары. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде сыртқы сауда түгелдей мемлекет қарауына көшті. СССР-мен және басқа да соц. елдермен достық қарым-қатынас жасауы (Бирманың 1954 жылғы барлық товар айналымының 0,6%-нен 1967/68 ж. 6,2%-ке өсті) Бирманың сыртқы саудасының ұлғаюына жағдай жасады, оның капит. елдердін, экономикасына тәуелділігін едәуір азайтты. Соңғы жылдары Бирма экспортының аграрлы шикізат құрылымына біраз өзгерістер енді. Мыс, дәстүрлі экспорты күріштің ара салмағы 1937- 41 ж. 46,2% болса, 1967-68 ж.45,6%, ал тик экспорты 5,9%-тен 30%-ке, күн жара 0,7%-тен 4,8%-ке, ал мұнай мен мұнай өнімдері 20,8%-тен 0,1%-ке (елде мұнай қажеттілігінің артуына байланысты) өзгерді.

Сырттан өндіріс құрал-жабдықтарын (машина, станок, транспорт құрал-жабдықтарын) әкелу өсті де, азық-түлік өнімдерін әкелу азайды. Бирма негізінен Жапония, Ұлыбриганиямен сауда жасайды. Ақша өлшемі — джа. СССР Мемл. банкісі бойынша 100 джа (кьят) 18,9 сомға тең(1970 апр.).

Денсаулық сақтау ісі. 1968 ж. Бирманың әрбір 1000 адамына шақңанда, баланың тууы 40,4-тен, өлімі 12,9-дан келді, тірі туған әрбір 1000 баланың 66,5-і өлді. Халқының орташа ғұмыры 44 жас. Ең қатерлісі — жұңпалы және паразитті аурулар. Чуманың табиғи ошағы бар, таулы өңірдің тұрғындары безгекке жиі шалдығады7.

Денсаулык, сақтау қызметі үлкен сауықтыру шараларын жүргізеді. Алапеске қарсы күрес күшті, шешек түбірімен дерлік жойылған. Бирмада ауруханалар мен емдеу мокемелері түгел национализацияланған, емдеу тегін жүргізіледі. 1956 жылдағы мемл. әлеуметтік қамсыздандыру ісі жүзеге асырылды. 1969 ж. 19,7 мың орындық 346 аурухана (1000 адамға 0,7 төсек) болды, СССР көмегімен Таунджи қаласында поликлиникасы бар госпиталь (200 орындық) салынды. 1969 ж. 2,2 мың дэрігер болды. Бирмадағы үш мед. институт жылына 140 дәрігер дайындайды.

Оқу-ағарту ісі. Ағылшын отаршылары басып кіргенге дейін Бирма едәуір сауатты ел болды. Ол кезде 14 жасқа толған бала міндетті түрде бірнөше жыл будда монастырында оқыды. Отаршылық кезінде 3 түрлі мектеп болды. Ұттың мектепте оқ тек бирма тілінде; ұлттың-ағылшын мектебінде тек ағылшын тілінде жүргізілді. Орта дәрежелі оқу орындарында пәндер негізінен агылшын тілінде өтетін болғандықтан, бирмалыктардың басым көпшілігі тек бастауыш білім алып, онан әрі оқи алмады. Өкімет басына Рев. советтің келуіне (1962) байланысты сауатсыздыққа қарсы күрес басталды, кешкі мектептер ашылды8.

Халық ағарту ісін басқару орталықтандырылды, жекеше мектептер национализацияланды. Орта мектептер техникаға және а. ш-на бейімделген болып бөлінеді. 1968/69 ж. бастауыш мектептерде 3 млн., орта мектептерде 107 мыңнан астам, аралық мектептерде 537 мың оқушы, оқытушылар колледжінде 3,6 мың оқушы оқыды. Рангунда университет, 2 мед. институт және пед., технологиялық (1961 ж. СССР көмегімен салынды), экономик институттар бар. 1968/69 ж. жоғары оқу орындарында 33 мың студент оқыды. Ең ірі кітапханасы Рангун мен Мандалайда, Рангунда музей мен картина галереясы бар.

Ғылым және ғылым мекемелері. Ағылшындар жаулап алғанға дейін Бирманың ғылымы мен білім беру ісі будда монахтарының қолында болды. Олар Үндістан мен Қытайдан алмасқан ғылым, білімдерін таратты. Бізге жеткен алғашқы тарихи шығармасы «Язавинджо» («Атақты хроника») 1502 ж. құрастырылған. Одан кейінгі «Маха язавинджи» («Үлкен хроника») 1733 ж. шыңты. 19 ғасырдың 1-ширегінде әкім Баджидоның указымен қолда бар жылнама мен этногр. деректер жөнінде хроникалар құрастыратын комиссия құрылды.

Қазіргі бирма тарих ғылымы 20 ғасырдьң басында қальштасты. 1910 ж. Бирманың зерттеу қоғамы құрылды. Бұл қоғамның төңірегіне топтанған Бирманың зерттеуші ағылшын ғалымдары — Дж. С. Ферниволл мен X. Льюстің шәкірттері бирма халқы мен мәдениетіне үлкен залал келтірген отаршылдық тәртіпке қарсы шықты. 1920 ж. тұңғыш ун-т (Рангунда) ашылды. 1946 ж. археол. ғылыми орталық ұйымдасты.

Бирма тәуелсіздік алғаннан кейін (1948) ұлттың бирма тарихы едәуір табысқа жетті, Бирма тарихыныц комиссиясы құрылды (1949). Бирмада буддизм мен басқа діндерді зерттейтін Халықар. институт бар және халықар проблемалар жөнінде Бирма советі жұмыс істейді. 50 жылдары елдің тарихы жөнінде көптеген оқулықтар шықты.

Ұлттық экономиканы қайта өрлету міндеті экономик. зерттеулерді кең көлемде жүргізуді талап етті. 1964 ж. экономика институты ашылды. Өкімет басына Рев. советтің келуіне байланысты социализмнің саяси экономикасы кеңінен оңытылып бирма экономикасын капит. емес жолмен дамыту ғылымдағы маңызды міндеттердің біріне айналды.

Жаратылыстану және техника ғылымдары саласында 1955 ж. құрылған көптеген бөлімі бар қолданыстағы зерттеулер институты үлкен роль атқарады. 1956 ж. А. ш. ғыл.зерт. институты, 1963 ж. Мед. ғыл.-зерт. институты құрылды. Ғыл.-зерт. жұмыстары жоғары оқу орындарында да жүргізіледі. Баспасөзі, радиохабары. Бирмада 1971 ж. бирма және ағылшын тілдерінде 8 газет шыңты. Мемл. ең ірі газеттері: Революциялық советтің органы — бирма тіліндегі «Людупиду нейзин» (1962 жылдан) мен ағылшын тіліндегі «Уоркинг пиплс дейлм» («Working People’s Daily», 1963 жылдан); «Гардиан» («Guardian», ағылшын тілінде); «Ботатаун» — «Вангард» («Vanduarg», бирма тілінде); «Чемоуп» — «Миррор» («Mirror», бирма тілінде); «Мьянма алин» — «Нью лайт оф Бёрма» («New Light of Burma», бирма тілінде); жеке меншік газет «Янгоун нейзин» — «Рангун дейли» («Rangoon Daily», бирма тілінде).

Информациялық департамент журналдары: «Шеду» (бирма тілінде), «Форуорд» («Forward», ағылшын тілінде): Бирма соц. программасы пар-тиясының журналдары (бирма тілінде); «Пати ея», «Найнгандага ея», «Тадинзин», «Ланзин». Ай сайын шығатын «Гардиан» («Guardian», ағыл-шын тілінде) журналы халың арасына кең тарайды. Раднохабар тарату ісін Рангундағы Бирма мемл. радиохабар қызметі («Мьянма атан») жүргізеді.

4.2. Бирма мемлекетінің мәдениеті.

Әдебиеті. Бирма әдебиетінің тууы мен ңалыптасуы — 9-13 ғасырдағы Паган дәуірі. Бирма жазба ескерткіштері — металл дискілеріндегі жазулар 5-7 ғ. пью тілінде оңт. инд. кадамба тектес алфавитпен жазылған. Мазмұны — буддалық ережелерден үзінділер. Бирма тіліндегі бірінші жазба ескерткіш — Мьязейди пагодасындағы тас стелладағы паган жазуы (1112).

Алғашқы кітап кептірілген пальма жапырақтарынан жасалып, үшкір болат бізбен жазылған. 11 ғасырда Бирма әдебиеті лали тілінде дамиды. Паган мемлекетінің гүлденген дәуірінде (11-13 ғ.) будда монахтары палидің классикалық әдеби тілінде көптеген филол., діни-филос. шығармалар жазды. Сол тұста көптеген

буддалық трактат, поэма, мысалдар таралады. Пинья дәуірінде (1298-1364) әдебисын жанры «Тика» пайда болады. Ал Ава дәуірінде (14- 16 ғ.) бирма классикалық поэзиясы туады. Өлең палп тілінде ғана емес, бирма тілінде де жазылады. Поэтикалық жаңа түрлер туады. 18 г. басында бирма тілі ұлттық тілге айналады.

  • ғасырдың 2-жартысы мен 19 ғасырдың басында бирма тіліндегі әдебиет гүлденеді: проза мен драма жанры дамиды, халық бұқарасының, қарапайым адамның өмірін суреттеу күшейеді. ғасырдың аяғында Бирма тәуелсіздігінен айрылған соң, әдебиетте эпигондың етек алады. 20 ғасырда көркем аудармалар жасала бастайды9. «Бирма аударма қоғамы» құрылады   (1947). Ұлттық роман туады (Вун Схайячжи У Чи, Маун Ба Тин, У Ла т. б.). 2-дүн. жүз. соғыс қарсаңында әдебиетшілер ассоциациясы  құрылады. Б. ә. прогресс пен ұлттық өркендеу үшін күрес жолына түседі.Бирма тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін (1948)   Б. ә-нің   қайраткерлері   (Такин   Кодо Хмайн, Ма Ма Ле, Аун Лин т. б.) бұрынғы және жаңа әдеби түрлерді ұлттың дәстүрге сәйкес дамытуды көздеуде. Әдебиеттің басты тақырыбы — патриотизм, прогресс, бейбітшілік үшін күрес.

Архитектурасы мен бейнелеу өнері. Б. з. б. 2 ғ. мен б. з. 8 ғасыры аралығында салынған ежелгі қалалардың ішіндегі көрнектілері Татон мен Пьи. Өзге монастырьлар мен ғибадатханалар біздің заманға жетпеген. Бирманың архитектурасы мен өнері — 11-13 ғасырда ерте феодалдық мемл. пайда бола бастаған кезде ерекше өркендеді. Ерте феодалдық мемлекеттің астанасы Паганда тамаша ғибадатханалар (Ананда), пагодалар (Шуәзигоун) салынып, олардың қабырғалары будда мүсіндерімен, фантастикалық жануарлардың бейнесімен безендірілді. Паганның мүсін өнері мен архитектурасы тығыз байланыста дамыды. Металдан, тастан, бал-шықтая, ағаштан жасалған мүсіндер будда дінінің ықпалында болды. 18- 19 ғасырда көптеген ағаш сарайлар, монастырлар салынды. Бирмадағы тұрғын үйлердің құрылыс материалы негізінен ағаш болса, ағылшындардың келуімен байланысты тас үйлерге көшті. Ол Бирмаға эклектикалық үнді-ағылшын архитектурасының үлгісін әкелді. Тас үйлер салуда тәжірибесі аз болғандықтан, бирмалықтар шетел жобаларын кеңінен пайдаланды. Совет Одағы технологиялық институтын, «Инья» мейманханасын, Таунджидағы госпитальды (1958-60) тегін салып берді. Шетел шеберлерінің тәжірибесін У Тин т. б. сәулетшілер ұлттың дәстүрмен байланыстыра дамытып келеді. Бирмадағы тұңғыш профессионал суретшілер — У Ба Ньян, У Ба Зо. Б. өнері 1948 ж. ұлттық тәуелсіздік алған соң мейлінше өркендеді. 1952 ж. Ұлттық мәдени орталық ашылды. Суретшілер (Маун Нан Вей, Маун Тин Эй, Сая Саун, У Ба Кий т. б.) мен архитекторлар (У Хан Тин т. б.) және мүсіншілер (У. Луин т. б.) реализм әдісінің негізін қалап, ұлттық образдар жасауда.

Музыкасы. Бирма музыкасы театр және би өнерімен тығыз байланысты. Оның түп негізі би мен музыка сүйемелінде өтетін ерте замандағы діни салт-жораларға саяды. Бирмада буддизмнен бұрын натқа (рухқа) табынған мәжусилік діни салт-жоралар кең тараған. Бұл діни салтта музыка сүйемелінде би биленіп, тақпақ айтылған. Бирма музыкасы Паган мемлекетінің тұсында (11-13 ғ.) аса жоғары сатыда дамыды. Бұл дәуірде муз. өнердің дербес саласы ретінде өріс алды. 1538 ж. Б. оркестрінің кең тараған түрі — сайн шығады. Мүның құрамына: патвайн (барабан), чейвайн (гонг), хне (бамбук гобой), линквин және кхеквин (үлкен және кіші цимбалдар), түрлі сылдырмаңтар, қоңыраулар т. б. халық аспаптары енді. 1837 ж. бұл аспаптардың көбі жетілдірілді. Ширатқан жібек жіптен 13, 14 немесө 16 ішек таққан саун (арфа) аспабы — ең көне муз. аспаптардың бірі. 19 ғасырда бұл аспаптың шебер орындаушысы У Маун Джи мен оның шәкірті У Маун Лат болды. Муз. Бирманың театр ойындарында кең орын алды. 18 ғасырда сиам мәдениетінің әсерімен Бирма музыкасында жаца мектеп туды. 18-19 ғасырда Мьявади Минджи У Са, Падейтаяза, Хлайнтхей Кхаун Тин, Ма Ма Ле сияқты аңын, композиторлар Бирма муз. мәдениетіне үлес қосты.

Осы заманғы Бирманың халық музыкасы — негізінен түрмыс-салт әндері, ойын-той, шаруа әндері. Қазіргі Бирмада профессионалдың муз. өнері даму жолына түсті. Бирманың классикалық, сондай-ақ европ. музыканың түрлерін зерттейтін мемл. мектептер ашылды. Бирма мемл. оркестрі үйымдастырылды. Бұл оркестр 1956 ж. СССР-дө гастрольде болды10.

Театры. Театр сауықтары ерте заманның өзінде-ақ діни және халық сауықтары 11 ғасырдан бастап белгілі болды. 15 ғасырда мистериялың ертегі және діни сюжеттерге құрылған «нибаткинг» жанры дамыды. 18 ғасырдың аяғында сарай театры ашылып, мұнда ойын-сауықтар тек ақсүйектерге ғана түсінікті пали, санскрит тілдерінде жүргізілді. Бирма халық театры өз ойындарын сахналық жасау-жиһазсыз ашық алаңдарда өткізіп отырған. 19 ғасырдың аяғында Рангунда тұңғыш тұрақты театр үйі тұрғызылды. Мұнда Аунгбала, Сейн Кадон, У По Сейн секілді биші – актерлер ойнады. 20 ғасырдың 20 жылдарында тұңғыш рет У. Шекспир, Ж. Б. Мольер, А. П. Чеховтың пьесалары қойылады. Б. театры — өзінің сюжеті мен түрі жағынан әр алуан. Драма, опера, балет сияқты түрлі жанрлар бір ойын ішінде өзара тоғысады. Театр сауықтарын 3-10 музыканттардан құралған оркестр сүйемделдеп отырады. Бирма театрында ерекше орын алатын жанр – би сауықтары мен биге құрылған пантомималар. Бирманың ірі қалаларында тұраңты театр труппалары, қыстақтарда әуесқой халык, театрлары істейді. Ұлттық актерлер кадрын мемл. Музыка және драма мектебі даярлайды.

Киносы. «Бирма кпиематография-сының атасы» У Он Маун 1914 ж. Бирмадағы тұңғыш «Борма филм компани» (Рангун) кино фирмасын құрды. 1920 ж. алғашқы «Махаббат және ішімдік» көркемсуретті фильмі қо-йылды. 30 жылдары «Ақшаны сатып алуға болмайды», «Ассамнан шыңқан принц» сияқты дыбысты фильм шыңқанымен, 50 жылдарға де-йін дыбыссыз фильмдер басым болды. Жапон оккупациясы кезінде көптеген киностудия қирады, фильмдер шығару тоқтады, олар тек 1946 ж. қалпына келтірілді. Бирма тәуелсіздік алғаннан кейінгі фильмдер халықтың отаршылдыққа қарсы күресіне арналып, оларды ұлттық бірлікке, ынтымаққа шақырады. 1955 ж. Кино мәселесі жөніндегі совет құрылды. Фильмдердің көркемдік жағын көтеру мақсатымен 1952 ж. академиялық сыйлық белгіленді, ол жыл сайын беріліп тұрды. 400-ден аса кинотеатр жұмыс істейді, жылына 60-қа жуық көркемсуретті фильм шығады.

Көрнекті кино қайраткерлерінің ішінде У Тин Маун, У Тукха, У Чхи Кхин, У Хла Мьо, Мьяи Лей, Ва Вин Схве, Джи Джи Тхей, Ньюн Вин, Вин У т. Б. бар.

                              Қорытынды.

Белгілі материалдарға сүйенсек, Бирма (Мьянма),неолит дәуірінен қалыптасып (мон және монкхмер) тайпалары өз тілі мен ғұрыптарын  үш мың жылдан астам уақыт бойында орнатып, шекаралық елдермен қарым «қатынаста өмір сүріп жатыр.

Бирма екі және бір мың жылдықта тай халықтарының топтары келе бастаған ,ал біздің заманымызда Бирмада шандар т.б. пайда болған .(Біздің заманымыздың басында рулық құрылыс ыдырап, Бирмада алғашқы мемлекеттер құрылды.Біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында Бирманың оңтүстік жағалауында мондардың өз алдына мемлекет болған құл иеленуші қалалары дүниеге келді. Араканда мемлекет құрылды. 4 ғасырдағы алғашқы деректерге қарағанда , пьюдің Шрик — шетр мемлекеті өмір сүрді ,гүлдену дәуірінде (7 ғ.) ол Солт. және Орт. Бирманы қамтиды. Халқы негізінен егіншілікті кәсіп етті.

Бирманың тілі  — Үндіқытай, қытай топқа жататын тамырлары Қытайдың Солт – Шығыс аумағында пайда болған көне тілі.  

832 жылы Наньчжао (Қытайдағы мемлекет) әскерлері Шриктерді талқандады. X – Xiғасырда Бирмадағы мон қалаларының бірлестігі – Раманадеса құрылды. VII – IX ғасырда қазіргі Бирмалықтардың арғы атасы – мранмалар мен мьярмалар Солт – Батыс және Оңт.Батыс Қытайдан ауып келіп қоныстанды. Мұндай жаппай қоныс аударулары бүкіл территориялық даму және өркендеуге күшті ықпал болды.

Алғашқы өмір – салтқа көзқарастары өзгеріп, енді Бирма жаңа даму кезеңіне түсті.Бірақ әр бастаманың жаман жағы да болады; Бирма территориясында өзара қырқы соғыстар басталып, Бирма көсемдері арасындағы бақастық күресте Анораттар (Анарудтар) жеңіске жетіп (1044), Паган мемлекетін құрды.Бұл Татон қалалар бірлестігін талқандап (1057), Солт. Араканмен қоса бүкіл Бирманы жаулап алды да,  XI – XII ғасырда. Оңтүстік – Шығыс Азиядағы іргелі елге айналды. Осы тұста Бирмада буддизм біржолата орнықты.

Паган кейінгі ұрпағына архитектураның өшпес үлгісін қалдырды.Елде пал, мон, пью, кейіннен Бирма тілдерінде жазбалар тарады: әдебиет, сурет, мүсін өнері дүниеге келді. XIII ғасырда Паган мемлекеті ыдырай бастады, ақыры 1283 жылы монғолдардың соққысынан біржолата күйреді. Бирмада  феодалдық  бытыранқылық  басталды. Аракан қайтадан дербестік алды.

Менің ойымша, бүкіл елдегі болып жатқан шабуылдар мен тайпа аралық қырғындар нәтижесінде, Бирма өзінің бастапқы феодалдық құрылыс пішінін жоғалтты. Елде құлиеленушілік пайда болды.

Ал, XVI ғасыр Бирма жерлерінде басқа, түрлі мәдениет түрлі жаңалықтар Еуропа жерінен әкелінді. Португалдықтар, кейіннен голландықтар мен ағылшын конкистадорлары мен доминаторлары бирма жерінде өз саясаттарын жүргізді. Олардың басты мақсаттары – бирма жерін иеленіп, шіркеу монарх билігін уағыздау болды (кейбір материалдарға сенетін болсақ шіркеу бастамасымен бүкіл Бирма территориясынан 3 миллионға жуық құл Оңтүстік Америкаға және Батыс Еуропа жерлеріне экспортталды).

Португалдық дя Бриту XVII ғасырдың басында Сириамда (төменгі Бирма) мемлекет құрды. XVII I ширегінде Таунгу әкімі Анаупхелун бүкіл Бирманы қайта біріктірді де, Авары(1635) астана жасады. XVIII ғасырдың  40 жылдарында Таунгу мемлекеті ыдырап, бірнеше феодалдық иеліктерге бөлінді. Мондар Пегу мемлекетін қалпына келтіріп, 1752 жылы Аваны жаулап алды да, Таунгу әулетін құлатты.

Бирма – мон күресіне Бирма жағалауын жаулап алуды көздеген ағылшындар мен француздардың Ост – Үнді компаниялары қол сұқты. XVIII ғасырдың ортасынан бастап Бирмалықтар елді түгел біріктіріп, феодализмді дамыту жолына қайта түсті.

1752 жылы Конбаундар әулетін құрушы Бирмалық ұсақ феодал Алаунпая монғолдарға қарсы Жоғарғы Бирмада көтеріліс жасады. 1755 жылы ол Жоғарғы Бирманы біріктіріп, монғолдарға күйрете соққы берді, 1757 жылы Пегуді басып алды; Бирмада үстемдік жасау жолындағы Бирмалықтар мен монғолдардың ғасырлар бойғы күресі мондардың жеңілуімен тынды, Алаунпая шан княздықтарына бақылау орнатты.

Конбаундар мемлекеті Үндіқытай жарты аралығындағы ең күшті мемлекетке айналды. XVIII ғасырдың аяғырда Қытай шабуылына тойтарыс беріп, 1770 жылы бітім шартын жасасты. 1784 жылы Аракан, XIX I ширегінде Манипур мен Ассам ба XIX асырда Бирманы ағылшын отаршылдары басып ала бастады. I. (1824 – 26) және II (1852) ағылшын – Бирма соғыстарының салдарынан Бирма Британ Үндісінің шекарасындағы жаулап алған жерлерінен, Араканнан, Тенассеримнен, Пегуден айрытылды. Бұл аймаұтарда 1862 жылы Британ Бирмасы деп аталатын ағылшын отары құрылды.

Миндон билік жүргізген (1853 – 78) тұста Бирма реформажолына түсті, біртұтас ақша салығы енгізілді, мемлекеттік мануфактура құрылысы басталды. Бір жағынан феодалдық мемлекет нығайып, екінші жағынан товарлы  – ақша қатынасы дамыды. Реформа дәуірі Бирма мәдениетінің гүлденген кезеңі болды.

1857 жылы негізі қаланған жаңа астана. Мандалай қаласы Бирмада буддизмнің, әдебиет пен өнердің орталығына айналды.

1885 жылы 14 ноябрде Ұлыбритания Бирмаға қарсы III отарлық соғыс ашты, 28 ноябрде Мандалайды жаулап алды, бұрын Тибо басқарған Бирма жері 1886 жылы 1 январьда Британия қол астына өтті. Ұлыбританияның Бирманы түгел билеп төстеуі елде партизан соғыстарын туғызды, бұларды отаршылдар бірнеше жыл өткеннен кейін ғана әрең басты.      

Қолданылған әдебиеттер

  1. Н.Ә.Назарбаев., «Ғасырлар тоғысында»,
  2. Н.Ә.Назарбаев., «Тарих толқынында»,
  3. Н.Ә.Назарбаев., «Сындарлы он жыл»,
  4. Куракова Л. И., Бирма. Природные районы и ландшафты, М., 1967;
  5. Можейко И. В., 5000 храмов на берегу Иравади, М., 1967;
  6. Можейко И. В., Просвещение в колониальной Бирме, в кн.: Из истории стран Юго-Восточной Азии, М.ғ 1968, с. 181-207;
  7. Козлова М. Г., Бирма накануне английского завоевания, М., 1962;
  8. Васильев В. Ф., Очерки истории Бирмы 1885-1947, М., 1962;
  9. Васильев В. Ф., Бирма на новых рубежах, М., 1965;
  10. Кауфман А.С, Рабочий класс и национально-освободительное движение в Бирме, М., 1961;
  11. Гаврилов Ю.Н., Борьба за независимость и прогрессивиые преобразовиния в Бирме, М., 1970;
  12. Аун Сан, Бирма бросает вызов, пер. с бирм. и англ., М., 1965;
  13. Не Вин, Бирма на новом пути, М., 1965;
  14. Азовский И. П., Государственный сектор в экономике Бирмы (1948-1962), М., 1965;
  15. Макарова С. М., Бирма. Развитие капитализма в промышленности, М., 1968;
  16. Василье в И. В., Миронов М. П., Бирма. Экономика и внешняя торговля, М., 1964;
  17. Климко Г.Н., Аграрные проблемы независимой Бирмы, М., 1964;
  18. Шнайдер С. С, Бирма. Экономико-географический очерк, М., 1951;
  19. Бирманский Союз. Сб. ст., М., 1958;
  20. Планы-программы экономического развития стран Азии, М., 1966;
  21. Попов Г. П., Бирманская литература, М., 1967;
  22. Концерты мастеров искусств Бирмы. Сб., М., 1956.