Биыл Шымкентте 38 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі

Шымкент қаласында биыл 43 тұрғын үйдің (кредиттік – 7, жас отбасыларға – 2, арендалық – 34) құрылыс  жұмыстары жүргізілуде. Жалпы бүгінге дейін облыс орталығында 10 тұрғын үй ел игілігіне тапсырылды. Ағымдағы жылдың қорытындысымен 38 көпқабатты үй пайдалануға берілмек. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұдан бөлек, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ тарапынан әкімшілік-іскерлік орталығында бой түзеген 1080 пәтерлі 15 тұрғын үйге баспана кезегінде тұрған азаматтар қоныстануда.

Қазіргі таңда облыс орталығында үй кезегінде тұрған азаматтар саны 18 мыңнан асты. Жергілікті билік тұрғындардың баспанаға деген мұқтаждығын шешу бағытында жоспарланған жұмыстарды кезең-кезеңімен атқаруда.