Алматы. 10 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ Президенті Дональд Трамппен Вашингтон қаласында кездесуі 2018 жылдың 16 қаңтарында жоспарланған, деп хабарлады АҚШ елшілігі.
Мемлекет басшылары екіжақты стратегиялық әріптестікті кеңейту және нығайту жолдарын, сонымен қатар өңірлік және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.
Екі ел басшылары бірқатар халықаралық мәселелерді, соның ішінде Қазақстан БҰҰ ҚК Төрағасы ретінде ұшырасып отырған Ауғанстандағы жағдайды және жаппай қырып жою қаруларын таратпау жөнінде екіжақты ынтымақтастықты талқылайтын болады.