Болат Назарбаевқа қарсы қылмыстық іс қозғалды

Алматы. 20 маусым. 7kun.kz – Белгілі қазақстандық журналист Михаил Козачков экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевқа қарсы рейдерлік әрекет жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалғанын жазды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваға қатысты «Рейдерлік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Құзырлы органдарға тиісті арызды Нұрша Кәкенов жазды. Ол «Karuan» ЖШС құрылтайшыларының бірі болған, бірақ оның үлесі тартып алғанын айтып, өзіне келтірілген шығынды 150 миллион долларға бағалады», – деп жазды журналист.

Ашық деректерге сәйкес, «Karuan» ЖШС Маңғыстау облысында марганец өндірумен айналысқан.

«egov.kz порталының мәліметінше, 2006 жылдың басында Нұрша Кәкенов серіктестіктің ортақ иелерінің бірі болған, бірақ сол жылы бірінші президенттің інісі ЖШС-нің жалғыз қатысушысы атанған. Ал 2018 жылдың ақпанынан бастап, компания екі заңды тұлғаға тиесілі – «Central Asian Investment Consulting Company» ЖШС және Кипрде тіркелген ILMAX LTD. 2021 жылы «Karuan» ЖШС өз қызметін тоқтатты», – деп жазды Козачков.