Болат Өтемұратов НАРХОЗ студенттеріне грант бөлетін болды

2176

2016 жылдың қыркүйегінен бастап бизнесмен Болат Өтемұратов пен «Верный Капитал» тобы «ForteBank» АҚ-мен бірлесе отырып НАРХОЗ Университетінің студенттеріне 105 грант бөліп, демеушілік көмек көрсетпек. Бөлінетін гранттың 5-уі Болат Өтемұратовқа тиесілі. Бұл туралы Университетінің соңғы 10 жылдағы экономикалық реформаларына байланысты болған іс шара барысында мәлім болды.

«Дағдарыс жағдайына байланысты көптеген ата-аналардыың балаларын сапалы біліммен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан «Верный Капитал» компаниялар тобы мен Болат Өтемұратовтың «Болашақ бизнес көшбасшылары» атаулы шәкіртақасын тағайындап отыр. Сондай-ақ, 2016 жылдың қыркүйегінен бастап «Верный Капитал» тобы «ForteBank» АҚ-мен бірлесе отырып бакалавриат бағдарламаларына арналған 100 шәкіртақыға демеушілік көмек көрсетпек», — Университет ректоры Кшиштоф Рыбиньски.

Сондай-ақ, Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университет атауын орыс тілінде «Университет НАРХОЗ», ағылшын тілінде NARXOZ University, ал қазақ тілінде «НАРХОЗ Университетi» деген атауға өзгерткені туралы белгілі болды.

IMG_8244

Университет басшыларының сөзінше, Қазақстанның Тәуелсіздігінен кейін атауы бірнеше мәрте өзгертілген НАРХОЗ Университеті осы атауымен қоғам санасында мықтап орын теуіп, бизнестің биік шыңдарын бағындырды. Сондықтан білім ордасының осылай аталуы орынды дейді.

Ал бұрынғы Тұрар Рысқұлов атауы алынып тасталғанмен, мемлекеттік қоғам қайраткерінің есімімен аталған музей Университет ғимаратында жұмысын жалғастыратын болады және студенттерге Тұрар Рысқұлов атындағы шәкіртақы тағайындалады.

Іс-шарада белгілі болғандай, 2005 жылдан бастап университет инвесторларыы оқу ордасын қайта құруға арналған әлеуметтік бейкоммерциялық жобаға 40 миллион АҚШ долларына жуық қаржы құйған. Нәтижесінде бұл халықаралық сарапшыларды тартуға, университтетің материалдық-техникалық базасын жаңартуға, сондай-ақ, қажетті реформаларды жүргізіп, Нархоз университетін дамудың жаңа сатысына шығаруға мүмкіндік берді.

«НАРХОЗ Университеті заман талабына жауап беретін мықты әрі тиімді білімдер мен біліктіліктерді игерген, бойында көшбасшылық дарыны бар кәсіпқой мамандарды шығаратын инновациялық университет ретінде танылуға ұмтылып отыр. Бизнестің әлемдік стандарттарына және қазіргі заман талаптарына сәйкес дамуға қабілеті аса жоғары университет түлектері жоғары бәсекелі еңбек нарығында әрқашан да үлкен сұранысқа ие», — деді Кшиштоф Рыбиньски.

IMG_8278

Сонымен қатар, жиында Болат Өтемұратов «Эндаумент қорының» құрылатындығы жөнінде айтты. Қордың мақсаты — табысы төмен отбасылардан шыққан талантты студенттерге көмек көрсетіп, оқытушылар мен басқа да жобаларға қолдау көрсету.

«Қорды құру біздің Университетті дамытуға қосып отырған кезекті бір үлесіміз болмақ. Көптеген түлектер өздері оқып шыққан туған университетіне қолдауын көрсетіп, шама-шарқынша өз үлестерін қосқысы келетіндігіне мен сенімдімін. Сондықтан біз осыған қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа тетіктің құрылып отырғандығын жариялап отырмыз», — деді ол.