Бурабай ТМД-дағы ең танымал курорттардың үштігіне енді

ТМД
Фото: ditour.kz

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz — Туристік Travel.ru сервисі ТМД мемлекеттерінің ішіндегі туристер үшін ең курортты бағыттарды анықтады. Курорттар рейтингі 2016 жылдың жазына алдын-ала брондалған қонақүйлер мен апартаменттер санына байланысты таңдалды. 

Travel.ru мәліметінше, ТМД елдеріндегі курортта 3 адамдық отбасы тәулігіне 19 мың теңге жұмсайды. ТМД елдеріндегі туристер үшін танымал курорттар:

1. Ыстықкөл, Қырғызстан.

2. Бурабай, Қазақстан.

3. Нарочь, Беларусь.

4. Каспий теңізі, Баку, Әзербайжан.

5. Севан, Армения.

«Үлкен 5 өзеннен құралған Бурабай курорты Астананың солтүстігінен 2 сағаттық жерде орналасқан. Оңтүстік Орал мен Шығыс Сібірден келетін ресейлік туристерді бұл жердегі емдік сулар мен таза ауасы, шығыстық мәзір, сансыз санаторийлер мен турбазалар қызықтырады. Бурабайдағы ең ірі қала — Шучинск», -делінген Travel.ru хабарламасындағы мәтінде.