Бурабайда ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысы өтіп жатыр

802

Ақмола облысының Бурабай ауылында ТМД Үкіметтері басшыларының кеңесі мен Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Іс-шараға Қазақстан, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Армения Республикаларының үкімет басшылары қатысуда. Шақырылған премьер-министр ретінде Въетнам Социалистік Республикасының премьер-министрі Нгуен Тан Зунг келіп отыр деп хабарлайды Kapital.kz.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Үкіметтері басшыларының кеңесі отырысының күн тәртібіндегі мәселелер:

  1. Қаржы-экономика аясындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бірлескен әрекеттерінің жоспары туралы.
  2. Халықаралық тасымалды жүзеге асыру кезінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағында көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясы туралы.

Отырыста 20 астам құжатты қарастыру жоспарланып отыр.