БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық Кеңес жұмысын бастады

362
ЕНПФ
Фото:Uralsk.info

Алматы. 17 ақпан. 7kun.kz Зейнетақымен қамсыздандыру бойынша БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық Кеңес ресми түрде өз жұмысын бастады. Оны құру туралы бастама «БЖЗҚ» АҚ шешімімен көтерілген еді деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі. 

 Кеңес жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қатысушыларының зейнетақымен қамсыздандыруды жақсарту және БЖЗҚ қызметін жетілдіруге қатысты маңызды мәселелер бойынша пікірлерін зерделеу мақсатында құрылды.

Одан басқа, Қор жанында құрылған бұл тәуелсіз кеңесші орган БЖЗҚ қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, зейнетақы заңнамасын жақсарту бойынша сұрақтарды талқылау және халықтың Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сеніміне қатысты күрделі мәселелерді айқындауға арналған өзіндік бір алаңға айналмақ.

Қоғамдық Кеңестің алғашқы отырысы өтіп, Кеңес мүшелерінің түпкілікті құрамы бекітіліп, Қоғамдық Кеңес туралы Ереженің жобасы талқыланды. Сонымен қатар Кеңестің төрағасы сайланып, БЖЗҚ қызметінің ашықтығы туралы мәселелер талқыға салынды.   Қоғамдық Кеңестің төрағасы болып белгілі қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтбаев сайланды.

Кеңестің құрамына мына тұлғалар енді:

  • Тәуелсіз сарапшылар:

Қадыржан Дәмитов (ҚР ҰБ Төрағасы (1998-1999), Халық банкінің директорлар Кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор) (2005—2007), 2010 жылдан күні бүгінге дейін), саяси қайраткер);

Азамат Жолдасбеков (KASE президенті (2002—2009), ҚР бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық Комиссиясының төрағасы (1999—2001). Экономика ғылымдарының кандидаты);

Евгений Сейпульник (Solutio Қазақстан-Британия Заң фирмасының бас директоры);

Айдархан Құсайынов («Almagest» ЖШС компаниясының бас директоры, Ресей мен Қазақстанның Тәуелсіз Директорлары Қауымдастығының мүшесі, Frontier Strategy Group сарапшылық желісінің мүшесі);

Ғалым Хұсайынов («BRB INVEST» ЖШС Бас Директоры);

Досым Сәтбаев (Саяси тәуекелдерді бағалау (ARG) тобының директоры, 100-ге жуық ғылыми, газеттік жарияланымдардың, 2 монографияның авторы, 4 ұжымдық монографияның бірлескен авторы);

Ерлан Сайыров (саясаттанушы, Гумилев атындағы ЕҰУ «Еуразия» орталығының ғылыми қызметкері ,30 ғылыми мақаланың және 3 кітаптың авторы);

Петр Своик (Қазақстанның саяси қайраткері, саясаттанушы, публицист).

  • Қоғамдық ұйымдардың өкілдері:

Юлия Якупбаева (Басқарма мүшесі, ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары);

Қуат Домбай (Қазақстан қаржыгерлері Қауымдастығының басқарушы директоры);

Мархаббат Нұров (Жастар одағы төрағасының орынбасары);

Ержан Игібаев (Қазақстан Республикасы аудиторлар Палатасының атқарушы директоры);

Наталья Ахшабаева (Іскер әйелдер Қауымдастығының өкілі);

Ботагөз Жұманова («Қаржылық еркіндік» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің басшысы);

Жұмагүл Тәжібекова (ҚР Кәсіподақтар федерациясының Алматы қаласы бойынша аумақтық бірлестігінің төрағасы);

Рахым Ошақбаев (Қазақстан экономистері Қауымдастығының өкілі).

  • БАҚ және блог саласының өкілдері:

Василина Атоянц (Tkz);

Ксения Бондал (КазТАГ);

Данияр Дауталиев («ҚазАқпарат» ХАА);

Ирина Ледовских (Today.kz);

Александра Алёхова (365info.kz);

Анна Видянова («Капитал.kz» ІАО, kapital.kz);

Алексей Байтеев (блогер);

Жанна Ильичёва (блогер).

Салымшылар және алушылар:

Бауыржан Қасымбергебаев (бизнесмен);

Аділғазы Турсынбаев (алушы);

Алевтина Донских (алушы, журналист, «Деловой Казахстан» газеті бас редакторының орынбасары);

Гүлсара Алтынбекова (алушы, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметкері);

Светлана Кожухова («Қазақ суарнасы жобасы» АҚ бас маманы)

Кеңес мүшелеріне 2017 жылға арналған «БЖЗҚ» АҚ қызметінің ақпараттық ашықтығын арттыру бойынша шаралар жоспары ұсынылды. Шаралар жоспары аясында Қоғамдық қабылдау, ашық есік күндерін өткізу, «БЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрайымының блог-тұғырнамасын жасау және жүргізу, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жүзеге асыру жоспарларнған.

Қоғамдық Кеңестің бүкіл жұмысы барынша ашық болады: барлық кездесулер, отырыстар жайындағы хаттамалар БЖЗҚ  www.enpf.kz ресми сайтында жарияланатын болады.

Қоғамдық Кеңестің келесі мәжілісі бір айдан кейін, 2017 жылдың 15 наурызы күні өткізу туралы шешім қабылданды.