БЖЗҚ қай банктің облигацияларын сатып алады?

61
теңге
Фото: kazpravda.kz

28 қыркүйек. Алматы. 7kun.kz — Ұлттық банктің айтуынша  зейнетақы қоры облигациялық жоба шеңберінде инвестицияланады. Қор  нарықтық пайыздық  мөлшерлемелер бойынша  орта мерзімді бағалы қағаздарды сатып алады, оның өтеу мерзімі бес жылға созылмақ.

Ұлттық банк зейнетақы қорының осы құралдарға  инвестициялануы  қаражаттың сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай,  оның БЖЗҚ салымшыларына  нақты табыс әкелетініне сенімді.

Ұлттық банктің  ақпараты бойынша  осы бағдарлама шеңберінде  тамызда зейнетақы қоры Центркредит банкінен 3,4 млрд тенгеге облигация қағаздарын сатып алған, оның табысы жылына  12%-ды құрайды.