Цеснабанк облигациялар арқылы 300 млр теңге тартуды жоспарлап отыр

43
Цеснабанк
Фото: 7kun.kz

Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz – «Цеснабанк» АҚ KASE-де 15 жылдық облигацияларды орналастыру арқылы 300 миллиард теңге тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы КазТАГ хабарлайды.

Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша, бір қағаздың номиналды құны 15 теңгені құрайды, облигациялар саны – 20 млрд дана, купон — жылдық 0,10%.

2018 жылдың қыркүйек айында «Цеснабанк»АҚ Ұлттық Банктен 407 млн доллар алғаны белгілі болды. Банктің мәліметінше, қосымша өтімділік қорын қамтамасыз ету мақсатында ҚР ҰБ-нен 150 млрд теңге сомасында қысқа мерзімді қарыз тартылды. «Цеснабанк»АҚ 5 қыркүйекте 100 млрд теңге сомасына қарызды ішінара өтеген. Қаржы мекемесі қарыздың қалған бөлігі сыйақыны қоса алғанда,»жақын арада өтелетініне» уәде берді.

Сонымен қатар, Ұлттық Банк пен Үкімет Цеснабанктен 450 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы несиелерінің портфелін сатып алуға ниетті.

«Цеснабанк» қаржы секторын сауықтыру бағдарламасының қатысушысы болды. Сондай-ақ, 15 жыл мерзімге 100 млрд теңге сомасына 4% кірістілікпен реттелген облигацияларды орналастыру жолымен жеңілдікті қаржыландыруды алды.