АймақАлматыЖаңалықтарТаңдаулы1

Дәл бүгін Верный атының Алматы деп өзгертілгеніне 97 жыл болды

Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz –  Дәл бүгін Верный атының Алматы деп өзгертілгеніне 97 жыл болды.  Верный атауын өзгерту туралы шешім 1921 жылдың 5 ақпанында  қабылданған еді.

Өзгеріске сәйкес Верный қаласы Алма-Ата деп аталды.

Сол кездегі Жетісу Әскери-революциялық комитетінің бұйрығы төмендегідей еді:

«Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу әкімшілік орталығының атауы Алма Атаға өзгертілді».

Кейіннен, 1993 жылғы шешім бойынша қала атауы Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.

Ал, 1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болып есептелді.

Алматы қаласының осы уақытқа дейін дамып, гүлденуіне, ірі мегаполис болып қалыптасуына үлес қосып, көп еңбегін сіңіргендер: Байұзаков Х. Б., Абдықалықов М.Шәріпов С., Орехов П. Г., Милованов К. А., Айбасов Х. Х., Іляшев Р., Шәріпов И. Ш.,  Мамонов Ф. А., Әділов А. А., Дуйсенов Е. Д., Аухадиев К. М., Жақыпов А. Х., Койчуманов А. Ж., Құлыбаев А.А., Нұрқаділов З. К., Кұлмаханов Ш. Қ., Храпунов В.В., Тасмағамбетов И. Н., Есімов А. С. Қазіргі уақытта қала әкімі лауазымы Бауыржан Байбекке тиесілі.

Бейресми деректер бойынша халық саны 2,5 млн, ал ресми дерек бойынша Алматыда 1,7 млн адам өмір сүреді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Tags

Осы айдарда

Close