«Даму» қоры директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

құрамы
Фото: Ratel.kz

Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz — Тәжияқов Ғалымжан Бисенғалиұлы қордың жалғыз акционерінің өкілі ретінде директорлар кеңесінің құрамына кірді. 

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғалымжан Тәжияқов банк саласында он төрт жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келеді. Ұзақ мерзімді жобалық (инвестициялық) қаржыландыруды жүзеге асыруда және халықаралық инвестиция тарту бойынша жобаларды ұйымдастыру жүйесінде тәжірибесі мол. «Бәйтерек» холдингіне шақыру алғанға дейін Еуразия даму банкінде басқарушы директор, «Ситибанк Қазақстан» АҚ кіші вице-президент, «Kaspi Bank» АҚ -да Қаржы институттары басқармасының басшысы, «HSBS Банк Қазақстан» АҚ-да лауазымды қызметтер атқарды.

«Даму» қоры Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы мүшелері:

 Досаев Ерболат Асқарбекұлы — Директорлар кеңесінің төрағасы.

Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы — Директорлар кеңесінің мүшесі, «Бәйтерек» ҰБХ »АҚ Жалғыз акционерінің өкілі.

Тәжияқов Ғалымжан Бисенғалиұлы — Директорлар кеңесінің мүшесі, «Бәйтерек» ҰБХ»АҚ Жалғыз акционерінің өкілі.

Ертлесова Жаннат Джургалиқызы — Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің төрайымы.

Жандосов Ораз Әлиұлы — Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау комитетінің төрағасы, Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитет мүшесі.

Бисекеев Серікбай Жолдыбайұлы — тәуелсіз директор.

Сарқұлов Абай Серікұлы — Директорлар кеңесінің мүшесі, Қордың жалпы қызметін басқарады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!