«Даму» қорының басқарма құрамы толықты

Фото: Total.kz

Алматы. 13 мамыр. 7kun.kz – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқармасының құрамы өзгерді. Бұл Қазақстандық қор биржасының сайтында хабарлады.

Сәрсекеев Фархат және Жантелиев Дастан, тиісінше 2019 жылдың 4 және 13 мамыры күні басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Айта кетейік, енгізілген өзгерістерге сай,«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқармасы алтымүшеден тұрады: басқарма төрағасы — Гаухар Бөрібаева, төраға орынбасарлары — Дәулет Әбілқайыров, Ғалым Нұрғазиев, Әсет Шәріпов, Сәрсекеев Фархат және Жантелиев Дастан.