Британия премьер-министрі табысы туралы есеп жариялады

Фото:info-islam.ru

Британияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон өзінің табысы мен салығы туралы ақпарат жариялады. 2014-2015 жылдарда британдық министрлер кабинетінің басшысы 200307 фунт (282,9 мың доллар) табыс тапқан, оның 75 898 фунты салыққа  төленді.

Үкіметтегі жалақысынан бөлек (140552 фунт) Дэвид Кэмерон Ноттинг-Хилл ауданындағы отбасылық үйін жалға бергені үшін 46 899 фунт алған делінген есепте.  Сондай-ақ өткен жылы Кэмерон Консервативті партиядан 9834 фунт және High Street банкіндегі жинағының пайызы ретінде 3052 фунт алған.

Осыған дейін Кэмерон салық есебін жариялап, мұндай қадамға барған бірінші премьер-министр болуға уәде берді. Ол өзінің әеркетін қаржысы туралы ештеңе жасырғысы келмейтіндігімен түсіндірді.