Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz – Бала туу зейнет жасының азаюына септігін тигізуі керек. Мұндай ұсынысты Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, дүниеге әкелген әр баласы үшін әйелдің зейнетке шығу жасы 2 жылға қысқаруы керек. Алайда қысқаратын жылдар саны 10-нан артық болмауы керек.
«Үш бала туған әйел зейнет демалысына 6 жыл бұрын шығады. Қазіргі таңда әйелдер үшін зейнеткерлік жас бекітілгенін ескерсек, әйелдер 55 жасында зейнетке шығар еді. Егер әйелдердің жалпы зейнеткерлік жасы 63 жасқа дейін өссе, онда ол 57 жасында зейнетке шыға алады. Менің ойымша, бұл әділ шешім болады, біздің әйелдерді қолдайды және ең бастысы тууға себеп болады», – деді депутат.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024