Депутаттар жекешелендіру нәтижелерін талдауды талап етті

депутат
Фото: kazakh-tv.kz

Алматы. 26 маусым. 7kun.kz — Қазақстанның Коммунистік Халық партиясынан депутат Айқын Қоңыров Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Ол әлеуметтік нысандарды жекешелендірудің тиімділігіне талдау жасауды сұрады.

«Халықтың өмірін жақсартуда қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы ерекше рөл атқарады. Шын мәнінде, бұл азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйін және адам капиталына инвестицияларды жақсартудың бірден-бір жолы болып қала береді. Қазіргі уақытта жекешелендірудің кешенді жоспары бойынша жеке қолға берілген нысандар саны 500-ге жетті. Олардың тең жартысы-коммуналдық меншік нысандары», — деді Айқын Қоңыров.

Оның айтуынша, емханалар, оңалту-сауықтыру кешендері, диагностикалық орталықтар, диспансерлер, санаторийлер жекешелендірілді, алайда аталған нысандарды жекешелендіруден бюджетке ешқандай елеулі түсімдер болған жоқ.

«Демек, басты нәтиже қызмет көрсету құнының төмендеуі, олардың ассортиментін кеңейту, қызмет көрсету сапасын жақсарту болып табылады. Бірақ бұл көрсеткіштерді кім өлшейді? Жекешелендіруден кейінгі бақылау қызмет бейінін, жұмыс орындарының санын сақтауды қоса алғанда, формальды индикаторларға негізделеді. Біз әлеуметтік нысандарды жекешелендіру қорытындыларына сапалы талдау жасау керек деп ойлаймыз», — деді депутат.

Қоңыровтың мәлімдеуігше, жекешелендіру қорытындыларын талдауға қоғамды тарту керек.

Әлеуметтік қызметті алушылар жекешелендіру, сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік әріптестік схемаларын пайдалану нәтижесінде болған сапа мен қол жетімділіктің өзгеруіне өз бағасын беруі тиіс. Электрондық сауалнама мен кері байланысты қоса алғанда, тиісті форматтарды әзірлеу қажет деп санаймыз», — деп түйіндеді Мәжіліс депутаты.