Доллар 391 теңгеден сатылып жатыр

доллар
Фото: express-k.kz

Алматы. 4 қыркүйек. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 388,12 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (388,20 тенге/$1) ұлттық валюта бағамы 0,08 теңгеге нығайды. 

Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 389,7 теңге, Алматыда – 391 теңге болды.

Ұлттық банктің 4 қыркүйектегі ресми бағамы 1 доллар үшін 388,28 теңгені құрайды.