Доллар 5 теңгеге қымбаттады

доллар
Фото: Sputniknews.kz

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 5 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) бүгінгі қорытынды сауданың нәтижесінде доллар бағамы 4,92 теңгеге көтеріліп, 454,92 теңге болды.

Айта кетейік, 15 сәуірде Ұлттық банкте доллардың ресми бағамы 448,19 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың орташа сату бағамы – 457, 37 теңге, сатып алу – 454, 16 теңге. Ал Нұр-Сұлтанда сату бағамы – 458, 26 теңгеден болса, сатып алу – 454,88 теңге.