Доллар арзандады

377
Фото: smart-lab.ru

Алматы. 31 шілде. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 384,18 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (384,53 тенге/$1) ұлттық валюта бағамы 0,35 теңгеге нығайды.

Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 386 теңге, Алматыда – 386,5 теңге.

Ұлттық банктің 31 шілдедегі ресми бағамы 1 доллар үшін 384,56 теңгені құрайды.