Доллар бағамы 379 теңгеге дейін төмендеді

таңғы
Фото: invest360.net

Алматы. 3 сәуір. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 379,12 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (379,48 теңге/$1) ұлттық валюта 0,36 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 379 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 379,30 теңге, жабылу курсы бір долларға 379,20 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 39 млн 450 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 84.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 380 теңге, Алматыда – 381,1 теңге.

Ұлттық Банктің 3 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 379,66 теңгені құрайды.