Доллар бағамы 330 теңгеге нығайды

Фото: newskaz.ru

2016 жылдың 18 мамырында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 330,02 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 329,05 теңгені құрады. Максималды курс — 331 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 329,50 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 71 млн 450 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 127.

Ақша айырбастау орындарында 18 мамырдағы доллардың максималды курсы — 331 теңге (Алматы уақытымен 11:30).