Доллар курсы 376 теңге деңгейінде тұр

Доллар
Фото: libya24.tv

Алматы. 20 ақпан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 375,74 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (375,48 теңге / $1) ұлттық валюта 0,26 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 375 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 377,10 теңге, жабылу курсы бір долларға 377,05 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 122 млн 400 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 134.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 378 теңге, Алматыда – 378,5 теңге.

Ұлттық Банктің 20 ақпандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 376,3 теңгені құрайды.