Алматы. 5 шілде. 7kun.kz - Smart Тicks компаниясы сараптама бөлімінің жетекшісі Арман Бейсембаевттың айтуынша, 2017 жылдың соңына дейін және 2018 жылы мұнай бағасы 50 доллардан аспайды. Мұндай жағдайда бір доллар 310-320 теңге көлемінде болуы мүмкін.
Осы жаздың басында мұнай бағасы 60 долларға дейін жетіп, баға төмендей бастады. Маманның пікірінше баға 30 долларға дейін арзандайды. Егер мұнай бағасы төмендейтін болса, банк алдында үлкен қарызы бар мұнай компаниялары зардап шегеді. Ал егер олардың қарызын өтеуге жағдайы келмесе, банктердің өзінде мәселе туындайды.
Сондықтан осы жылдың күзіне дейін доллардың курсы 350-370 теңгеге дейін баруы мүмкін.
Ал Halyk Finance сарапшыларында мұнай нарығындағы жағдайдың дамуы мен оның ұлттық валютаға әсеріне байланысты үш нұсқалы болжамы бар. Базалық нұсқа бойынша, 2017 жылы мұнай бағасы бір баррель үшін 55 долларды құраса, теңгеге айырбастау курсы 328,6 теңге болады. 2018 жылы мұнай баррелі 57 доллар болады, ал америкалық валюта - 333,5 теңге. Екінші нұсқа бойынша, осы жылғы мұнай баррелі 57 доллар (303,2 теңге), 2018 жылы - мұнай 67 доллар (300,4 теңге) болуы мүмкін.Үшінші нұсқа бойынша, 2017 жылы мұнай 49 долларға дейін арзандап (337,7 теңге), ал 2018 жылы мұнай 47 долларға арзандайды (342,1 теңгеге қымбаттайды).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024