Дональд Трамп АҚШ-тың қарыз мәселесін шешуге уәде берді

Фото: riss.ru

Алматы. 24 ақпан. 7kun.kz — АҚШ Президенті Дональд Трамп елдегі мемлекеттік қарыз мәселесін шешу үшін әркім соңғы долларына дейін үйемдей білу керек деді. Елдің қарызы соңғы сегіз жылда 2 есеге өскен, деп хабарлайды rosbalt.ru.

Ақ үйдегі бюджетке қатысты болған кездесу кезінде Президент АҚШ-тың қарыз мәселесімен айналысуға уәде берді. Ол журналистермен кездесу кезінде ұлттық қарыз сегіз жылда екі есе өсіп кеткендіктен көп жұмыстар істеу керектігін айтқанмен, мәселені шешу үшін нақты қандай шаралар қолданылатынын анықтамаған.

«Біз аз ақшаға көп нәрсені істеуіміз керек. Ақшаны қалай болса-солай кез келген нәрсеге жұмсай бермей, соңғы долларымызға дейін үнемдеуіміз керек», — деді Президент.

Айта кетейік, 2009 жылы АҚШ-тың жергілікті және шетелдік кредиторлар алдындағы федералды қарызы 10,6 трлн доллардан 19,4 трлн долларға дейін көбейген. Қарыздың мұндай деңгейге дейін көбейуіне  және экономикалық саясаттың дұрыс жүргізілмеуіне Трамп  Барака Обаманы кінәлайды.