Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz — Telegram-ның негізін қалаған Павел Дуров мессенджердің App Store-ден өшіп қалу себебін түсіндірді. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.
Еске салсақ, бүгін таңертең қолданушылар App Store қосымшалар дүкенінде Telegram-ның "жоқ болып кеткеніне" наразылық білдірген еді. Тіпті Telegram X де жоқ.
Осы мәселеге байланысты Дуров Twitter парақшасына "болмашы мәселелер бар" екенін жазып, мобильді қосымша жуырда App Store дүкенінде қайта пайда болатынын жеткізді.
" We were alerted by Apple that inappropriate content was made available to our users and both apps were taken off the App Store. Once we have protections in place we expect the apps to be back on the App Store."
Қания Табыс
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024