Е.Досаев: Қазақстан ХВҚ-дан қарыз алуды жоспарлап отырған жоқ

Қазақстан Халықаралық валюта қорынан (ХВҚ) қарыз алуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

«Біз ХВҚ-мен қарыз алу туралы келіссөздер жүргізбейміз, жоспарлап отырған жоқпыз», -деп жауап берді ол «Нұр Отан» партиясы съезнінен кейін журналистердің қойған сұрағына.

Е. Досаев энергетикалық бағаларға байланысты мемлекетте болып жатқан бюджет шығындарын арнайы «құрылымдық реформалармен» шешуге ниетті екенін атап өтті.

Фото: vlast.kz