ЕАДБ: Теңге девальвациясы ресейлік қаржы нарығына әсер етеді

589

Теңге девальвациясы РФ-ның қаржы нарығына әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Еуразиялық даму банкінің сараптама басқармасындағы мемлекеттік сараптама бөлімінің басшысы Арман Ахунбаев мәлімдеді.

«Көптеген инвесторларға көрші елдегі ұлттық валютаның құлдырауы негативті белгі ретінде көрінуі мүмкін. Бұл жағдайда ресейлік валютаның құбылмалылығы көбейе түседі, экономикадағы несиелендіру шарттары төмендеп, инвестициялық белсенділік азаяды. Бұл құбылыстардың экономикалық динамикаға негативті әсер етуі мүмкін», — деп атап өтті сарапшы.

Сондай-ақ ол ҚР-дағы девальвацияның ресейлік экономикаға тікелей әсері шектеулі болатындығын атап өтті.

«Қазақстандағы ресейлік тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін төмендету үшін және қазақстандық тұтынушылар тарапынан импортқа деген сұранысты төмендету үшін девальвацияның нәтижесі әсер етеді. Бірақ РФ-ның сыртқы экономикалық шарттары үшін нақты ықпалы болады деп айтуға болмайды», — деді А.Ахунбаев.

Росстат мәліметінше, бірінші жарты жылдықта Қазақстанға РФ экспортының 3 пайыздан астамы бағытталған. Бірақ Қазақстанның ресейлік экспорт капиталындағы үлесі де аз. Жекелей алғанда, ҚР-ға 2014 жылы Ресейден тікелей шетелдік инвестициялардың 1 пайызы ғана келген.

 

Еске сала кетейік, бүгін Ресей Президентінің көмекшісі Андрей Белоусов Қазақстандағы болған жағдай ресей рубльіне мүлдем әсер етпейді деген еді.