Экономика
ЕАЭО 29 мамыр күні Вьетнаммен еркін сауда аймағы туралы алғашқы келісімге қол қояды
Еуразиялық экономикалық одақ 29 мамыр күні Вьетнаммен еркін сауда аймағы туралы алғашқы келісімге қол қояды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
"29 мамыр күні Бурабайда үкіметаралық кеңес отырысы аясында ЕАЭО мен Вьетнам арасындағы еркін сауда аймағы туралы алғашқы келісімге қол қою жоспарланған. Көпжақты келіссөздер нәтижесінде барлық тарапқа бірдей тиімді жағдайда тауар нарығына жол ашылғандығын, сауда қызметтерін ұсыну бағытындағы серіктестік шарттары анықталғанын атап өткім келеді", - деді ол Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңес отырысы барысында.
Қазақстан, Ресей, Беларус, Армения және Қырғыз Республикасы одағының алғашқы саммиті 8 мамыр күні Мәскеуде өтті.
Бұған дейін Еуразиялық экономика комиссияның сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Вьетнаммен екі арада еркін сауда аймағы құрылатыны туралы
хабарлаған болатын. Тағы бір атай кететін жайт: ЕАЭО-мен еркін сауда аймағын құруға 40 ел ұсыныс
жасады.