ЕАЭО елдеріндегі жұмыссыздар саны 1 миллионнан асты

704

Қазақстанда 2015 жылы 34,6 мың жұмыссыз адам тіркелді. Бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 5%-ын құрайды, деп хабарлайды LS Еуразиялық экономикалық комиссияға (ЕЭК) сілтеме жасап. 

2015 жылы Арменияда қызметсіз адамдардың саны 77 мың адамды құрады. Ал Беларусь елінде 43,3 мың адам, Қырғызстанда 56 мың адам болса, Ресейде бұл көрсеткіш 1 миллион адамнан да асып кетті.

Жалпы 2015 жылдың желтоқсан айында ЕАЭО елдеріндегі жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 5,7%-ын құрады. Қазақстанда бұл көрсеткіш- 5,0%, Ресейде — 5,8%-ды көрсетті. Арменияда 2015 жылдың үшінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 16,6% болды.
Фото:eurasiancommission.org