ЕАЭО елдері бойынша Қазақстанда ең төменгі зейнетақы жоғары

90
төменгі
Фото: svalyavanews.in.u

Алматы. 24 қыркүйек. 7kun.kz – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында Қазақстандағы ең төменгі зейнетақы көрсеткіші өзге елдермен салыстырғанда жоғары.

Қазақстанда ең төменгі зейнетақы 49 мыңға жуық. Ал, Ресейде 4 мың 983 рубль немесе 75 доллар. Беларусь Республикасында 100 доллар.

Сарапшылардың айтуынша, шығындардың артуына жалақы мен зейнетақы көлемі әсер етуі мүмкін. Себебі, 2018 жылы еңбекақы – 8,7%-ға, ынтымақты зейнетақы – 8%-ға, базалық зейнетақы 6%-ға көбейген болатын.

Айта кетейік, Қазақстандағы орташа зейнетақы 226 доллар болса, Ресейде – 200, ал Беларусьте шамамен 181 доллар зейнетақы алады.