Алматы. 8 қаңтар. 7kun.kz – Мысыр муфтийі Шейх Шавки Аллам пәтуа шығарды. Онда биткоинмен сауда-саттыққа тыйым салу туралы жариялады. Өйткені олар «исламмен тыйым салынған», деп хабарлады Islam-today.
Египеттің діни көшбасшысының айтуынша, криптовалютадағы сауда сөзсіз алаяқтық, алдау және надандықпен байланысты.
«Шариғатта биткоинге тыйым салынған. Өйткені олар жеке тұлғаларға, жеке топтар мен мекемелерге зиян келтіреді», - деп атап өтті Египет газеті «Al Ahram».
Естеріңізге сала кетейік, биткоинмен сауда айналысының алғашқы нүктесі Мысырда 2017 жылдың тамызында ашылған. Алайда желтоқсан айында билік органдары криптовалютаның заңнан тыс екенін мәлімдеді.
Бас мүфти Магди Ашордың кеңесшісі Egypt Today-ге берген сұхбатында биткоин тікелей террористерді қаржыландыру үшін қолданылғанын мәлімдеді.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





