Air Astana

2690
Air Astana......................................................................

«Эйр Астана» – ішкі және халықаралық бағыттарда әуетасымалдау қызметтерін ұсынатын Қазақстанның Республикасының ұлттық әуетасымалдаушысы.

Тарихы 

«Эйр Астана» әуекомпаниясы 2001 жылы тіркелді, ал 2002 жылдың 15 мамырында Алматы-Астана бағытындағы бірінші рейсін орындады. Рейсті ұлықтау рәсіміне компанияның екі акционері ретінде Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен британдық BAE Systems PLC-тің басшысы сэр Ричард Эванс қатысты.

Кәсіпорынның акциялар пакетінің 51 пайызы «Самұрық-Қазына» АҚ-ға  және 49 пайызы Ұлыбритандық BAE Systems PLC компаниясына тиесілі.

2011 жылы «Эйр Астана» пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі тексерістен сәтті өткен әуекомпания ретінде  Халықаралық әуе транспорты ассоциациясы ІАТА-ға екінші рет ресми тіркелді. Осы арқылы компания бұл регистрде бар қазақстандық бірден-бір әуетасымалдаушы болып табылады.

Бірінші президент Лойд Пакстонның басшылығы арқылы компаня Халықаралық лизингтік қаржы корпорациясынан (ILFC) лизингке 3 Боинг 737 алынды. Aircraft Finance Trading BV (AFT) 4 Фокер 50 және Pegasus Leasing Corp. 3 Боинг 757 жалға берді. 2003 жылдағы жұмыстан кейін компания таза табысы туралы жариялады.

2004 жылдың ақпанында алғашқы ұлттық тасымалдаушы «Эйр Қазақстанның» банкроттығынан кейін әуетасымалдаушы халықаралық бағыттарын кеңейте бастады.

Флот пен айлақ қызметтерін дамытуға байланысты акционерлер арасында келіспеушіліктер байқалып, 2005 жылы компания басшылығына бұрын Philippine Airlines компаниясында реабилитациялық топты, Cathay Pacific Airways-ты басқарған  Питер Фостер келді.

2013 жылғы BAE Systems  жұмысын қорытындылай отырып, Financial Times «қазақстандық «Эйр Астана» компанияның ең жоғарғы инвестициялық табысы болды» деген мәлімдеме жасады.

Әуе көліктерінің паркі

Бүгінде «Эйр Астана» әуекомпаниясының паркінде 30 әуе көлігі бар, 2017 жылға қарай олардың санын 36-ға дейін ұлғайту жсопарланып отыр.

Boeing-767-300-ER

«Боинг 767-300ER» — әрқайсысы 27 тонналық күші бар Pratt & Whitney қозғалтқышымен жабдықталған, кеңфюзеляжды әуе көлігінің түрі. «Боинга 767-300» ұшу ұзақтығы сағатына 900 шақырым жылдамдықпен 10 550 шақырымға дейін жете алады. Аталған әуе көлігі 38 тонна пайдалы жүкті тасымалдауға мүмкіндігі бар, ұшу кезінде салмағы 181 тоннаға дейін жетеді. Салон 38 бизнес-класстың жатын орнымен, эконом-класстың 193 орнымен жабдықталған.

Boeing-757-200_with_winglets

«Боинг 757-200»  — отынды тиімді пайдалануға, шу деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін, жоғарғы пайдалану сипаттамалары бар алдыңғы қатарлы технологияларды біріктіретін әуе көлігі.  Бұл ұшақ алыс және жақын маршруттарда да жұмыс істей алады, өте қуатты және сенімді Rolls-Royce RB211 реактивті қозғалтқыштарымен жабдықталған.  «Боинг 757-200» ұшақтар паркінің жартысы жеке ойын-сауық жүйесімен жабдықталған.

Airbus-321-231

«Эрбас А319/A320/321» — өте ыңғайлы, отын шығыны мен зиянды қалдықтар шығарылу деңгейі барынша төмен және шу деңгейі минимальды ұшақтар. «Эрбас A320» соңғы модельдегі әуекабинасымен және авиациялық технологиялармен жабдықталған. Әлемде ең тез сатылатын ұшақ болып табылады. Ұшақтар паркіне  «Эрбас А319, A320» және оның ірі нұсқасы «А 321»-ді қосу арқылы компания халықаралық рейстерді жиілетті.

«Эйр Астана»- осы ұшақ түрін пайдаланатын Қазақстандағы бірінші және жалғыз тасымалдаушы.

Embraer 190

«Эмбраер 190» —  бизнес-класста 9 орынмен, эконом-класста 88 орынмен жабдықталған, екі қозғалтқышты реактивті ұшақ. Заманауи дизайнмен қоса, ұшақ жолаушыларды ұшу сапасымен, қызмет көрсету және отын жұмсау шығындарының аздығымен қамтамасыз етеді. Аталған әуе көлігі орташа жылдамдықта 4200 шақырымға дейінгі аралықты ұшып өте алады.

Персонал

2015 жылдың қаңтарында «Эйр Астана» қызметкерлерінің саны 4478 адамды құрады. Компанияның халықаралық офистерден тікелей қызметкер жалдайтындығына қарамастан, персоналдың көпшілігі Қазақстан азаматтары.  Дәл қазір әуекомпаниясында 320 ұшқыш жұмыс істейді, олардың үштен бірі Еуропадан жалданған.

Ұлыбританиядағы Бристол университетімен бірге Англияның Лашем қаласында инженерлерді оқытатын Авиациялық техникалық орталықта арнайы бағдарлама өткізеді. 2012 жылдың ортасында әуекомпания Англияның Кранфилд университетінд менеджерлерді оқыту бағдарламасын енгізді.

Әуекомпанияның экипажы 900 жолсерікті құрайды, басым көпшілігі -әйел адамдар.

Маршрут жүйесі

Негізгі әуежайлар: Алматы, Астана, Атырау

Ішкі әуерейстері:
Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Тараз, Жезқазган, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Орал, Өскемен, Шымкент.

ТМД елдеріне баратын рейстер:
Баку, Бишкек, Душанбе, Екатеринбург, Мәскеу, Самара, Санкт-Петербург, Ташкент, Тбилиси

Халықаралық әуерейстер:
Абу-Даби, Амстердам, Анталья, Бангкок, Дели, Дубай, Ганновер, Куала-Лумпур, Лондон, Пекин, Сеул, Стамбул, Үрімші, Майндағы Франкфурт, Хошимин.

Класстар типі

«Эйр Астананың» барлық ұшақтарында 2 қызмет көрсету түрі қарастырылған: бизнес және эконом. Boeing 767 және 757 екі салоны да RAVE ойын-сауық жүйесімен жабдықталған.

2015 жылдың ақпан айынан бастап «Эйр Астана» Boeing 757 самолеттерінде жатын эконом қызмет түрін енгізді. Жаңа класс Boeing 757-200 ұшағымен Астанадан Лондон, Франкфурт, Париж және Алматыдан Гонгонкқа ұшатын жолаушыларға арналған.

Жиі ұшатын жолаушылар үшін дайындалған Nomad Club бағдарламасы бар. Бағдарлама үш кезеңнен тұрады:»алтын», «күміс» және «стандартты» және Lufthansa компаниясы арқылы жиі ұшшатын жолаушылар үшін балл жинауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жақында «Эйр Астана»  эксклюзивті «Шаңырақ» лаунджын ашты. Бұл Астанадағы халықаралық әуежайдағы жалғыз лаундж-зал.

2014 жылы 3,8 млн жолаушы тасымалданған.

Марапаттаулары

Снимок